Астанада "Астана салтанаты" тұрғын үй кешенінде 20 жастағы қыз 21-қабаттан секіріп кетіп, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы Софья Қолышбековаға сілтеме жасап.
"Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр, оқиғаның жай-жапсары анықталып, тексеріліп жатыр. "Астана салтанаты" тұрғын үй кешенінде 1994 жылы туған қыз 21-қабаттың балконынан секіріп кетті. Оқиға орнына тергеу-жедел тобы келді, шақыру сағат 11.15-те келіп түсті", - деді Қолышбекова.
Баспасөз хатшысының айтуынша, қыз "Астана салтанаты" тұрғын үй кешенінде тұрмаған. Полицейлер куәгерлердің айтуы бойынша оқиғада қылмыс белгісі жоқ екенін атап өтті.
Дереккөз: tengrinews.kz