Атырау, 9 желтоқсан 00:45
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

16-да газ беру тоқтатылады

2 472 рет қаралды

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалы алдағы газ беруді тоқтатудың нақты кестесін хабарлады.

Өткізу жөніндегі филиал директорының орынбасары Мақсот ӘБУОВ хабарлағандай, 16-19 қыркүйек аралығында Атырау қаласының cол жақ жағалауы (Привокзальный, Жилгородок, Балықшы және т.б.) мен Мақат ауданының Доссор поселкесінде газ беру тоқтатылады.

20-24 қыркүйекте Атырау қаласының оң жақ жағалау бөлігінде (Авангард, Абай алаңы, Лесхоз және т.б.) және Махамбет, Индер аудандарында газ берілмейді.  

23-28 қыркүйекте Исатай ауданы Аққыстау поселкесінің бүкіл елді мекендері газсыз отырады.

Құрманғазы, Қызылқоға, Жылыой аудандары және Мақат ауданының басым бөлігі газбен қамту жүйесінен ажыратылмайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 қыркүйек 2014, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.