Жаңа байланыс операторының «Ғажайып» тарифы бойынша елдер арасында сөйлесу құны абоненттік төлемсіз минутына 10 теңгені құрайды. Сондай-ақ, әлем бойынша 140 елден кіріс қоңыраулары тегін қабылданады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа байланыс түрін 10 мың адам пайдалануда.
«Роуминг Қазақстан» компаниясының даму жөніндегі директоры Тимур Айдарбековтің айтуынша, 2015 жылдың соңына қарай абоненттер саны 100 мыңға жетеді, деп күтілуде.
Дереккөз: Baq.kz