8 қыркүйекте жаңа ауланған балық сататын тағы екі нүкте ашылды.
«Атырау» шипажайының маңындағы жағалаудан (Тельман көшесінің шетінде) «Амангелді» кооперативі су үстінен өзінің екінші дүкенін ашты. Бұл фирма арнайы тауар саудалау бойынша біраз тәжірибесі бар. Шілдеде облыстық әкімдік алдындағы өзен бетінде оның алғашқы павильоны ашылған болатын.
«Жемчужина» ЖШС Жилгородоктағы жағалаудан («Інжу Маржан» мейманханасының алдынан) павильон ашты.
Қалалық әкімдіктің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәден ЛҰҚПАНОВТЫҢайтуынша, бірер күннен соң балық сататын жүзбелі дүкеннің төртіншісі ашылмақ. Бұл жолы «Восток» ЖШС-нің павильонын кардиоорталық (БСМП) маңындағы пирсте орналасатын болады.
- Әдетте таңертең және кешкілік адамдар жұмыстан қайтар кезде сауда қызу жүріп жатады. Сондықтан павильондар кешкі сағат 8-ге дейін сатуды жоспарлады, - деді Лұқпанов. – Бағалар – нарық бағасынан төмен, мәселен, сазанның бір келісі 250 теңгеден басталады. «Амангелді» кооперативінің нүктелерінен жаңа ауланған балықтан кооперативтің өзі өндіретін дайын өнімдер сатып алуға болады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ