Атырау, 24 қараша 22:49
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ирак парламенті жаңа Үкіметті бекітті

2 328 просмотра

Ирак парламенті 8 қыркүйекте кешке Хайдар Абадидің басшылығымен жаңа Үкіметті мақұлдады, деп хабарлады РБК.

Бұл ретте ішкі істер министрлігінің де, қорғаныс министрлігінің де атаулары аталмады. Абади апта ішінде хабарлауға уәде берді.

Мұнай министрі болып Ирактың Ислам жоғарғы кеңесінің өкілі Адель Абдель Махди тағайындалды. Бұрынғы премьер Ибрагим Джафари сыртқы істер министрі болды.

Вице-президенттер лауазымдарына   шейіт исламдық партиясының өкілі экс-премьер Малики, бұрынғы парламент спикері сүннит саясаткер Усама аль-Нуджаифи, зайырлы шейіт, экс премьер Ияд Алави бекітілді.

Ирактың бұрынғы премьер-министрі Нури Малики орынтағынан 11 тамызда кетті. Бұдан бұрын ол отставкаға кетуден бас тартқан. Ел президенті Фуад Масумның өзін шеттету шешімін конситуцияға қайшы деп түсіндірген. Кейіннен өзінің жеңілгенін мойындап, Хайдар Абадиді қолдады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

9 қыркүйек 2014, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.