ҰҚК департаментінің жалған қызметкері Шығыс Қазақстан облысының 24 жастағы азаматы болып шықты. Бұл азамат ұлттық қауіпсіздік қызметкерінің жалған құжатымен ұсталған. "Қалада жүргізілген рейд барысында Горкий мен Абай көшелерінің қиылысында Toyota маркалы көлік жүргізушісі тоқтатылған. Тексеріс кезінде жас жігіт Алматы қаласы ҰҚК департаменті қызметкерінің қызметтік құжатын көрсетті. Кейін белгілі болғандай құжат жалған болып шықты", - дейді ведомстваның баспасөз қызметі.
Полиция қызметкері құжатты тексеру кезінде жалған құжат пен нағыз құжатты ажырататын техникалық белгілеріне назар аударған. Жалған құжатпен жүрген азамат тұтқындалып, ішкі істер органына жіберілді. Бұл іске қатысты әлі де тергеу жұмыстары жүруде.
Дереккөз: tengrinews.kz