Экономика Кедендік одақ: дәрі-дәрмек жеткізушілер... Кедендік одақ енгізілгеннен кейін Ресей мен Белоруссияда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін көп нәрсе өзгеріске ұшырады. Бірқатар артықшылықтармен бірге тек бизнесмендердің ғана емес, өкілетті салық және кедендік қызметтердің де сұрақтарын туғызған таласты сәттер орын алды. 22 желтоқсан 2010, 00:00 4 493 просмотра
Экономика …Бастысы мұнай бағасы өседі 2011 жылы қаржы саласындақандай өзгерістер күтіп тұр? Осы мәселе бойынша біз тәжірибесі мол банк қызметкері Талғат ҚАДЫРҒАЗИЕВҚА хабарласқан едік. Оның пікірінше, дүниежүзілік экономика дағдарыстан енді ғана шыға бастаған. БҰҰ бағалаулары бойынша, келер жылы дүние жүзінде өндірістің жалпы көлемі бар болғаны 3,1 пайызға артпақ. Қазақстан мен облысымыздағы экономика деңгейі, өкінішке орай, жеткіліксіз, сондықтан да жұмыссыздық мөлшері әзірге азаймақ емес. 22 желтоқсан 2010, 00:00 4 815 просмотра
Оқиға Сейф туралы әйелдер ісі Өзбекстаннан келген үй қызметшісі мен жұмыс берушінің жиені ішіне ақша салынған сейфті ұрлады деген күдік бар. 22 желтоқсан 2010, 00:00 4 173 просмотра
Қоғам Аяқ астына қарап жүріңіз, ағайын! Қаладағы құдық мәселесі қанша көтерілсе де шешімін таппай келеді. «Алмагүл» ықшам ауданындағы №2 үйдің маңында асфальттің дәл ортасында ашық жатқан құдықты көзіміз шалды. Ол жермен үйдің ауласы болған соң кішкене бөбектер де жүреді. Құдық беті жартылай тат басқан қаңылтырмен жабылған. Әйткенмен, бұл қатерден құтқара ма?... 22 желтоқсан 2010, 00:00 5 439 просмотра
Қоғам Кәне, қосыл әнұранға! Бүгін Қазақстан өзінің 19 жылдық тәуелсіздік мерекесін атап өтіп жатыр. Әрине, бұл Қазақстан үшін ең маңызды әрі мұңды мереке (1986-ның желтоқсаны есімізде). Атыраулықтар бұл күнді қалай қарсы алмақ? Шындығына келгенде атыраулықтар үшін мереке 15 желтоқсанда басталып кетті. Жоқ, өрекпімей-ақ қойыңыз, ешкімді ерте жұмыстан жіберген жоқ. Тек атыраулықтар ұжымдарымен бірге біреулері кеңселерінде, біреулері сыртта бір сағатта елдің әнұранын шырқады. 16 желтоқсан 2010, 00:00 5 325 просмотра
Қоғам Жаңа тарифтерді енгізу 1 шілдеге қалдырылды Жаңа жылдан бастап су тұтыну бойынша дифференциалды тарифтерді енгізу жоспары 2011 жылдың 1 шілдесіне қалдырылды. Атырауда сынақ түрінде суға диффренциалды тарифтер енгізуге тиіс болатын. Қоғамдық тыңдауда жаңа технологиялар жөнінде «Атырау су арнасы» КМК бас инженері Виктор СУЩЕНКО әңгімеледі. 16 желтоқсан 2010, 00:00 3 400 просмотра
Қоғам Жылыойда туберкулез дерті асқынып тұр Туберкулез проблемасы облыстық әкімдіктегі талқыға салынған мәселеге айналды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, 2008-2010 жылдарға туберкулезбен күрес жөніндегі аймақтық бағдарламаға 2,6 млрд. теңге жұмсалған. Нәтижесі де байқалады: соңғы үш жылда жалпы облыс бойынша сырқат деңгейі 31,2 пайызға төмендеген. 16 желтоқсан 2010, 00:00 4 048 просмотра
Оқиға Сот Дәулетовті қамауға рұқсат бермеді 9 желтоқсан күні қалалық сот Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) бастығы Марат ДӘУЛЕТОВТІ қамауға алуға рұқсат беру туралы прокуратура өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. 16 желтоқсан 2010, 00:00 3 464 просмотра
Оқиға «Шлюмбержеге» қарсы іс тоқтатылды Компания миллиард теңгеден астам салықты өтеді. 2009 жылдың көктемінде салық комитеті тексеру жұ-мыстарының нәтижесінде жалпы сомасы 800 миллион теңгеден астам мөлшерде үстеме салық және оған қоса 372 миллион теңге сомасында өсім төлеуге тиіс екендігі туралы «Шлюмберже» компаниясына хабардар еткен еді. 16 желтоқсан 2010, 00:00 3 404 просмотра
Басқа жаңалықтар Балабақша кезегіне интернет арқылы жазылуға мүмкіндік тумақ Қазақстан халқы енді электрондық үкімет порталы арқылы өз балаларын балабақша кезегіне жазып, сауда нүктелерін ашуға рұқсат ала алатын болады. «Новости Казахстан» ақпарат агенттігі хабарлағандай, ҚР байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, www.e-gov.kz cайтының («е-үкімет») шеңберінде «е-акимат» атты жаңа жоба жұмыс істемек. 16 желтоқсан 2010, 00:00 3 953 просмотра
Басқа жаңалықтар Атырау қаласы тұрғындарының ресми саны 239 мың Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша, Атырау облысы тұрғындарының саны 2009 жылғы ұлттық санақ нәтижелері бойынша 510,3 мың адамды құраған. 16 желтоқсан 2010, 00:00 17 185 просмотра
Басқа жаңалықтар Қаңғыбас иттер өріп жүр Қала тұрғындары соңғы кезде қаңғыбас иттердің қаптап кеткеніне алаңдаулы. Олар көшеде өріп жүрген бұралқы иттер балаларымызды қауып алып жүрмесе еді деп қор-қады. Халықтың алаңдайтын жөні бар. Өйткені, іргедегі Орал өңірінде мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. 16 желтоқсан 2010, 00:00 11 137 просмотра
Қоғам Қоғам сурдоаудармашыларға зәру Бүгінде Атыраудағы қазақ саңыраулар қоға-мына сурдоаудармашылар мамандары ауадай қажет болып отыр. Ондағы жүзден астам құлағы мүкіс адамдар бір-бірінің ым-жымын түсінгенімен, қоғам басшыларының сөзін әрең ұғысады. Мұнда құлағы естімейтіндерден бөлек, жалпы қоғамның шаруашылық жұмыстарын атқарып отырған елу қызметкер бар. Ымдау мамандарының тапшылығын олар да едәуір сезініп отыр. Қоғам мүшелерімен түсінісу мүлдем мүмкін болмаған жағдайда олар сөздерін қағазға жазып жеткізуге мәжбүр. 16 желтоқсан 2010, 00:00 5 885 просмотра
Мәдениет Балауыздан жасалған мүсіндер көрмесі Қарашаның 9-ы күні облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Ресей елінің Санкт-Петербург қаласынан келген балауыз мүсіндер музейінің көрмесі ашылды. Көрмеге Гиннес рекордтар кітабына енген әлемге әйгілі тұлғалар мен «Шрек», «Жұлдызды жауынгерлер» («Звездные воины»), «Сәттілік серілері» («Джентльмены удачи») фильмдері кейіпкерлерінің елу мүсіні қойылды. Петербургтың балауыз мүсіндер көрмесі Атырауда бірінші рет өткізіліп отыр. Мұнда кейбір мүсіндер тірі адамды еске түсіріп, қасына жақындап қалсаң, қазір-ақ сенімен сөйлесіп кететіндей ерекше әсер қалдырады. 16 желтоқсан 2010, 00:00 16 558 просмотра
Мәдениет Жастар Инаматқа жанашырлық танытты Желтоқсанның 14-і күні Атырау мұнай және газ институтының студенттерінен құралған «Позитив» КВН командасы «Өмірге үміт сыйлайық!!!» атты қайырымдылық концерт өткізді. Осы концерттен түсетін ақша ауыр науқастанып жатқан 9 жасар Инамат Нұғымановтың емделуіне жұмсалмақ. 16 желтоқсан 2010, 00:00 4 569 просмотра
Экономика «Жеке тұлғалар «Жайық Балықтың» акционерлері бола алмайды» 1 қаңтардан бастап елімізде бекіре тұқымдас балықтарды, қара уылдырықты аулауға, өңдеуге және сатуға мемлекеттік монополия күшіне енеді. Дегенмен, жұртшылық көкейінде біраз сауалдар қалды, оның ішінде көпшілік үшін «Атырау-балық» АҚ-мын ұлттық меншікке айналдырудың барлық үрдістері жұмбақ күйінде қалып отыр. Олардың кейбіреуін біз жазбаша түрде Атырау облысының әкімінің ауылшаруашылығы жөніндегі орынбасары Серік Айдарбековке жолдадық. Сол сауалдарға алған жауаптарымыз мынадай болды. 15 желтоқсан 2010, 00:00 4 972 просмотра
Қоғам Жанжалға әзірге телефондар жәрдем Әйелдерге күш көрсетуге қарсы бүкіл әлемдік науқан шымылдығынан кезекті бір жолы әлдебір Киркоров дегеннің шалынып қалғаны бар. Десек те, әйелдерге күш көрсететін біздің өз жанжалқойларымыз бен басқа да лайықсыз тұлғаларымыз жетерлік. Өткен аптаның ішінде полицейлер бұл науқанның Атырау облысында қорытындысын шығарып, нәтижелерін жариялады. 15 желтоқсан 2010, 00:00 3 450 просмотра
Экономика Жаңа алтын монета шығарылды Нумизматтар кезекті жаңа монетаның соңына түсті. 13 желтоқсанда Қазақстанның ұлттық банкі айналымға 999 сынама алтыннан жасалған «Dome of the rock» (Жартасты күмбез) ескерткіш монетасын шығарды. 15 желтоқсан 2010, 00:00 3 451 просмотра
Қоғам Жаңылдырған жол белгілері Өтіп бара жатқан жыл жаңа көпірлердің, жол түйіндерінің салынуымен, сондай-ақ өмірі төселмеген жерлерді жаппай асфальттау жұмыстарымен есте қалмақ. Дегенмен де, осынау артықшылықтар атыраулық жүргізушілер үшін де көптеген проблемалар туындатқан еді. Оқырмандарымыздың бірі мынадай жағдайды бастан өткерген екен. 15 желтоқсан 2010, 00:00 6 636 просмотра
Басқа жаңалықтар Авангардтағы ХҚО мекен-жайын өзгертті 3 желтоқсанда Авангардтағы ХҚО (халыққа қызмет көрсету орталығы) Сәтбаев даңғылы 23-ші үйдегі өз филиалының ғимаратына салтанатты түрде көшіп барды. Облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ «бұрынғы жаңа» ХҚО-ғын ашуға келу қарсаңына музыканттар, қызыл кілем, лента байланған бағандар мен ұлттық киім киген қыздар дайын болып тұрды. 15 желтоқсан 2010, 00:00 3 641 просмотра
Экономика ТШО-ға қарсы көтерілген іс жабылмақ Жаз ортасында басталған ТШО-ға қарсы қылмыстық істі тергеу тоқтатылды. Бұған қатысты компания тиесілі тереңдікте бұрғыламаған, осылайша ол 200 миллиард теңгеден астам заңсыз ақша иеленген деп мәлімделген болатын. 15 желтоқсан 2010, 00:00 5 268 просмотра
Қоғам «Әзірге жүйткіп тұр» Жергілікті фермерлер қазақстандық «СемАЗ» машина жасау кәсіпорыны жинақтаған «Беларусь» тракторының партиясын алды. Техникалар «Қазагрофинанс» желісі бойынша лизингке алынды. Фермерлердің айтуынша, отандық кәсіпорында жасалған трактор құнына қарамастан Беларусь тракторынан айырмасы жоқ. Техниканы лизингке алу олар үшін өте тиімді екен. 15 желтоқсан 2010, 00:00 4 010 просмотра
Қоғам Ержан Омаров: «Басылымға жазылуды кейінге қалдырмаңыз» Кезекті онлайн-конференцияның қонағы - «Қазпошта» АҚ Атырау филиалының директоры Ержан ОМАРОВ. 15 желтоқсан 2010, 00:00 5 365 просмотра
Басқа жаңалықтар Облыстық газеттердің редакторлары ауысты Шигаев Виктор Михайлович «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы қызметінен зейнеткерлікке шығуына байланысты босатылды. Оның орнына бұрын «Комсомольская правда – Казахстан» газетінің бас редакторының орынбасары боп жұмыс істеген, 1976 жылы туылған ҚҰЛМАҒАМБЕТОВ Ринат Михайлович тағайындалды 15 желтоқсан 2010, 00:00 4 683 просмотра
Қоғам Мұңы арылмаған малды өңір Бүгінде көптеген шаруаларды жемшөптің тапшылығымен қатар, мал арасындағы бруцеллез ауруы діңкелетіп тұр. Осындай проблемалар Қызылқоға ауданына да тән болып шықты... 15 желтоқсан 2010, 00:00 7 301 просмотра