Атырау, 7 қазан 09:17
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

KASE қор биржасында курстың орташа салыстырмалы бағамы түсіп жатыр

1 112 просмотра

Image 0

KASE қор биржасында курстың орташа салыстырмалы бағамы түсіп жатыр. 20 тамыздың 12.04 жағдайында бағам 253,08 теңге болып тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 11.30-дан 15.30-ге дейін күндізгі сессия өтіп жатыр. Ал таңғы сессия, бұған дейін хабарлағанымыздай, қорытынды бағамы 255,26 теңгемен аяқталған еді.

Күндізгі сессия келісім бойынша 257 теңгемен өтті. Максималды құны 257,2 болды. Соңғы сессия бойынша сағат 12.04 жағдайында 254 теңге болды. Осы уақытта сауда көлемі 10,5 миллиард теңге.

Еске салайық, бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 тамыз 2015, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.