Чемпионды қарсы алды
Облыстың спорт қауымдастығы Атырау қаласының әуежайында Сараево қаласында өткен 1997-98 ж.т. кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында алтын медаль алған Айболат Ыстыбайды салтанатты түрде күтіп алды.
Жыл басында Айболат Берлинде өткен халықаралық турнирде «қола» жүлде алған болатын, міне, енді әлем чемпионы атанды.
Сараевода Айболат 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол АҚШ, Кипр, Ресей және Грузия мемлекеттерінен келген қарсыластарын жеңіп, финалда итальяндық Бьяджо д'Анджелоны «иппон» әдісімен ұтты.
Жас чемпионды тәжірибелі жаттықтырушы Мейіржан Есмағамбетов жаттықтырады. Айболат Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында туған. Ол белдесе күресуден әлем чемпионатының 4 дүркін қола жүлдегері, қазақ күресінен Еуропа чемпионы Нұрболат пен қазақ күресінен Қазақстан чемпионы Қанат Ыстыбаевтардың інісі. Спортшы мен оның жаттықтырушысы қолдау көрсеткені үшін облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Н. Ермұхановқа алғыс айтады.
***
Үздік мұғалімдер марапатталды
Дене тәрбиесі мен спортты дамыту өңірлік орталығы үздік дене тәрбиесі мұғалімдерінің атын атады.
Кіші өнер академиясының концерт залында Спорт күніне орай сала озаттарын ұлықтау рәсімі өтті. «ҚР спорттық резервін дайындауға үлес қосқаны үшін» төсбелгісімен №2 және №20 мектептердің директорлары Вера Аменова және Зухра Алмаш, мұғалімдер Алтын Ғабитова (Махамбет ауданы Талдыкөл ауылы), Роза Тәжібаева (гуманитарлық колледж), Светлана Запрометова («Дюймовочка» балабақшасы), Александр Литвенов (№16 мектеп) марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар жаттықтырушылар, жас спортшылар мен спорт ардагерлері бағалы сыйлықтарға ие болды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ