Атырау, 7 мамыр 21:03
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

ТМРА экс-басшысы Оспанов 7 жылдан соң мемлекеттік қызметке орала алады

1 232 просмотра

Image 0Сот табиғи монополияны реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспановқа қатысты үкімді өзгертті, кассациялық соттың қаулысына сәйкес, Оспановты мемлекеттік функцияларды жүзеге асырумен және жергілікті өзіндік атқарумен байланысты жеті жылға айыру бөлігі өзгертілді.

Сот табиғи монополияны реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспановқа қатысты үкімді өзгертті, кассациялық соттың қаулысына сәйкес, Оспановты мемлекеттік функцияларды жүзеге асырумен және жергілікті өзіндік атқарумен байланысты жеті жылға айыру бөлігі өзгертілді.

Сот 2015 жылғы ақпанда Оспановқа 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге көлеміндегі айыппұл түріндегі жаза кескен болатын. Бұдан кейін осы жылдың наурыз айында Мұрат Оспановқа айыппұлды алты айға бөліп төлеуге міндеттеме қойылды. Бұл шешімді Астана қаласының Есіл аудандық №2 соты шығарды, сотталушының адвокаттары бөліп төлеу туралы өтінішті осы сотқа білдірген.

"Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылдың 13 ақпанында Оспанов Мұрат Магавьянұлына қатысты шығарған үкімінің қосымша жазалау бөлігі, М.М. Оспановты мемлекеттік функцияларды жүзеге асырумен және жергілікті өзіндік атқарумен байланысты жеті жылға айыру бөлігі өзгертілсін. Үкімнің басқа бөліктері өзгеріссіз қалдырылсын", — делінген елорда сотының кассациялық сот алқасының қаулысында.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.


19 тамыз 2015, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.