Атырау, 7 қазан 09:17
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Алдағы 5-7 жылда Қазақстан басқа экономикалық ахуалда өмір сүретін болады – Мәсімов

1 667 просмотра

Алматы. 20 тамыз. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алдағы 5-7 жылда Қазақстан басқа экономикалық ахуалда өмір сүретін болады, деп мәлімдеді ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

«Металл бағалары, мұнай, негізгі шикізаттық өнімдердің бағалары ұдайы өсіп келген бұл цикл, біздің өкінішімізге қарай, аяқталды. Біз кем дегенде алдағы 5-7 жылда, мүмкін, одан да көп шығар, басқа экономикалық ахуалда өмір сүреміз деп топшылаймыз», - деді К. Мәсімов бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.

Бұл ретте ол жаңа экономикалық саясатта мұнай бағалары бір барреліне $30-50 шегінде болатынын атап өтті, Қазақстанда бар металдар мен өзге де ресурстардың бағалары да жеткілікті түрде төмен деңгейде сақталмақ, ал АҚШ долларының бағамы сұраныспен және ұсыныспен анықталатын болады.

К. Мәсімовтың айтуынша, жаңа экономикалық жағдайда Қазақстан Канада мен Аустралияның тәжірибесіне бағдар алатын болады.

«Өзінің экономика құрылымы бойынша ұқсайтын сол елдің моделі тұрғысынан біз әлдеқайда тиімді болып табылады деп есептейміз, бірақ өз дамуының ілгерілеу кезеңінде, ол Қазақстан үшін сайма-сай (үлгі – ҚазТАГ). Біз қарап шыққан барлық елдердің үлгісінен, біздің пікірімізше, сәйкес келетін елдер олар – Аустралия және Канада. Бұл үлкен аумақты, аздаған халық саны және ұқсас экономика құрылымы бар елдер», - деп түсіндірді ол.

Дереккөз: ҚазТАГ

20 тамыз 2015, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.