Атырау, 7 қазан 09:17
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Мәсімов: Қазақстанда теңгенің айырбас бағамы еркіндікке жіберіледі

2 096 просмотра

Image 0

20 тамыздан бастап, Қазақстанда теңгенің айырбас бағамы еркіндікке жіберіледі деп мәлімдеді премьер-министр Кәрім Мәсімов.

20 тамыздан бастап, Қазақстанда теңгенің айырбас бағамы еркіндікке жіберіледі деп мәлімдеді премьер-министр Кәрім Мәсімов.

20 тамызда таңертең доллар курсы қазақстандық бірқатар банктерде 195 теңгеге дейін жетті.

"Әлемдік экономикадағы іргелі теріс өзгерістер жағдайында жаңа экономикалық саясат экономикалық өсім мен баға тұрақтылығы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету үшін жаңа ақша-несие саясатын талап етеді",- деді ол үкіметтің селекторлық отырысында.

"Осыған орай, ҚР Ұлттық банкі мен Үкіметі 2015 жылдың 20 тамызынан бастап, инфляциялық таргеттеу режіміне, валюталық дәлізді алып тастауға және айырбас бағамын еркіндікке жіберуге көшуге негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыруға кірісу шешімін қабылдады",-деп қосты ол.

Оның атап өтуінше, теңгенің ауысу бағамы нарық сұранысы негізінде және іргелі ішкі, сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып қалыптастырылатын болады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

20 тамыз 2015, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.