Таңертеңнен бастап ғаламторда тек бір жаңалық тарап жатты: үкімет валюта дәлізін жойып, теңгені еркін жүзуге жіберген. KASE қор биржасындағы доллардың орташа бағамы 255 теңгеге дейін шарықтап кетті.
Күткеніміздей, айырбастау қосындарының көпшілігі жабық болды, тек Қазком филиалында доллардың сату бағамы 257.50 (кеше айырбастау қосындарында сату бағамы 198 теңгеге тең болды), сатып алу –255.50 (кеше – 196) деңгейінде белгіленген. Еуро да едәуір өскен, сату – 284.25 (кеше – 219.5), сатып алу – 281.25 (кеше – 216.5), Ресей рублі 4 теңгеге сатылды – 3.99 (кеше – 3.09), сатып алу - 3.79 (кеше – 2.75).
АТФ пен Еуразиялық банк филиалдарының айырбас қосындары жабық болды: кірер ауызда қызметкерлер айырбас қосынының түске дейін жұмыс жасамайтынын айтты. Владимирский көшесінің бойындағы «Зеленый медведь» айырбас қосыны да жабық болды, табло бос тұрды. Ертең негізгі валюталардың қандай бағамен сатылатындығын жорамалдау ғана қалады.
Премьер-министр Кәрім МӘСІМОВ теңгенің долларға тепе—теңдік бағасы 5-7 күннен кейін белгіленеді деп жорамалдады. Премьер облыс әкімдеріне азық-түліктер мен қызметтердің бағасын негізсіз көтеруге жол бермеуді тапсырды. Өңірлерде жедел штабтар құрылды.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА
Суретті түсірген автор