Атырау, 5 мамыр 04:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Лос-Анжелестен алтынмен оралды

1 334 просмотра

Image 0Атырау қаласының темір жол вокзалында Лос-Анджелесте өткен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған арнайы Олимпиадада екі алтын және бір күміс медаль иеленген 14 жастағы Екатерина Обратнованы салтанатты күтіп алу рәсімі өтті.

Жүзуден облыстың аға жаттықтырушысы Дамир Есеқұлов былай дейді: «Екатерина баттерфляй әдісімен 50 метр қашықтықта және еркін стильмен 4х50 метрлік эстафетада «алтын», крол әдісімен 100 метр қашықтықта «күміс» медаль жеңіп алды.

Катя менің жетекшілігіммен үш жыл жаттығу жасады, биылғы Қазақстан чемпионы. Тамыз айының аяғында Павлодарда өтетін Қазақстанның Паралимпиадалық ойындарына қатысамыз деп жоспарлап отырмыз. Басқа да халықаралық жарыстарға қатысып, 2016 жылы Риода өтетін Паралимпиадаға жолдама алу да жоспарымызда».

Анастасия ПАСТУХОВА

20 тамыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.