Атырау, 28 қараша 23:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Күріштен жасалған кофе және балапандар

3 643 просмотра

Image 0Атыраулық бір топ оқушы Сеул қаласында өткен SAGE WORLD CUP-2015 бизнес жобалар әлем чемпионатының әлеуметтік жауапты бизнес лигасында екінші орын алып, абыроймен елге оралды.

Бұл балаларымыздың SAGE байқауларына алғаш қатысулары екенін атап өткен жөн.

- Жас натуралистер станциясында оқып жүріп, біз «Жас Ұлан» қоғамдық ұйымы өткізетін «Жас кәсіпкер» курсына да қатыса-мыз, - дейді күні кеше Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті атанған Жантас ҚАЙРАТОВ.Не жасаймыз деп көп ойландық. Балапан өсірейік деген шешімге келдік.

- Бізде құс фабрикасында, шаруа қожалықтарында, үй ауласында өсіруге қажетті құстар сырттан әкелінеді. Өзімізде жоқ, - деп сөзге араласты қазақ-түрік лицейінің оқушысы Нұрбек СЕРІКБАЕВ.Атыраудан біз тек бройлер және брам тұқымдас тауықтардың жұмыртқасын жеткізетін адамды таптық, алғашқы партиясын сатып алып, жас натуралистер станциясы базасындағы инкубаторда балапан шығаруға тырыстық.

Жұмыртқалар 38,9 градус температурада үш апта бойы инкубаторда болды. Балапан жарып шыққаннан кейін балалар жас натуралистер станциясының қызметкерлерінің кеңесімен 10 күн бойы балапандарды қолдан ас беріп, суарды. Балапандар аяққа тұрғаннан кейін сатуға шығарылды.

40 теңгеден жұмыртқа сатып алған балалар өз бизнес идеяларын сынақтан өткізу кезінде үш рет өнім немесе 600 асыл тұқымды балапан алды. Бұлардың әрқайсысы 500 теңгеден сатылды.

Олар бүгінде әлі үлкен көлемге шықпағандарын мойындайды, алайда бизнестерін кеңейту бойынша ойлағандары бар екен.

- Қысқы құс қорасын салуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, құстарды сырттан әкелуді тоқтатып, облысты өзіміздің асыл тұқымды тауықтармен қамти алатын көлемге шыққымыз келеді. Мүмкін, Атырау облысымен шектеліп қана қоймай, Қазақстанның басқа өңірлеріне де жеткізетін жағдайға жетерміз, - дейді Жантас.

Жас жігіттердің айтуынша, Қазақстан SAGE WORLD CUP-2015 халықаралық байқауына алғаш рет қатысып отыр. Олардың Еуропадан, Солтүстік Америкадан, Орталық Азиядан келген қарсыластары да осал болмаған. Бизнес жобаны қорғау ағылшын тілінде жүргізілді. Ал күріштен «кофе» сусынын өндіру жөнінде бизнес идея ұсынған филиппиндік оқушылар байқаудың жеңімпазы атанды.

- Біз оны ішіп көрдік, расымен де, кофе сияқты, тек түсі ақ, кофейні аз. Расымен де жақсы идея, - дейді байқаудың атыраулық қатысушылары. Алайда өздерінде де мұндай идеялар жеткілікті.

Тамара СУХОМЛИНОВА

20 тамыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.