Атырау, 7 мамыр 12:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Ақмолалық студент Бразилиядағы байқауда жеңіске жетті

1 466 просмотра

Image 0Степногорлық студент Әділет Тәкежанов «WorldSkills Competition» халықаралық турнирінде «Токарь ісі» бойынша жеңіске жетті. Сайыс Бразилияның Сан Паоло қаласында өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бразилияда өткен бәсекеде еліміздің намысын Қазақстан құрама командасының құрамында Степногор қаласы №2 индустриялды-техникалық колледжінің түлегі Әділет Тәкежанов қорғады. Ақмолалық студенттің республикамызға жеңіс әпергені қатты қуантады. Оның үстіне жұмысшы мамандықтар бүгінде өте зор сұранысқа ие», - деп атап өтті білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова.

Ақмола облысы жастар саясаты басқармасының ақпаратынша, WorldSkillsKazakhstan кәсіби шеберлігінің өңірлік чемпионаты 18-22 жас шамасындағы жастар арасында ақпан айында өткен еді. Аймақтық сайыс жұмысшы мамандықтар бойынша, атап айтсақ токарь ісі, дәнекерлеу, аспаздық өнер, шаштараз, ІТ-жүйелерді басқару, тас қалаушы бойынша өтті.

WorldSkills International халықаралық қозғалысының мақсаты – техникалық мамандықтарды насихаттау, жаһан бойынша кәсіби даярлық пен біліктілік мәртебесі мен стандарттарын көтеру.

2014 жылдың наурызында Қазақстан WorldSkills International қозғалысына мүше болу туралы өтінім берген еді.

Дереккөз: bnews.kz

19 тамыз 2015, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.