Атырау, 28 қараша 22:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Бұл кімдердің ау құралы?-2

3 428 просмотра

Image 0Әкім орынбасарының қабылдауындағы тайталас

18 тамызда облыстық әкімдікте Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі (балық қорғау қызметі) инспекциясының басшысы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ «Бұл кімдердің ау құралы?» («АЖ», 06.08.15 жылғы санын қараңыз) деп аталатын материалымызға комментарий берді.

Кездесу әріптесім Азамат Майтановпен үлкен сұхбаты кезінде облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ берген уәдесінің арқасында болды; әріптесім Сәуле Тасболатова да таяуда өткен өңір басшысының есеп беру жиналысы барысында осы балық аулау құралдарының кімге тиесілі екендігі туралы сұрақты қойып, осы мәселені әкімнің есіне қайта салған еді.

Кездесуге мақала авторы ретінде менен басқа «АЖ» жарияланымдарының ізімен материалдар жазған әріптестерім Виктор СУТЯГИН мен Лев ГУЗИКОВ шақырылды. Кездесуді Ізмұхамбетовтің тапсырмасымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ жүргізді. Ол алдымен Ермекқалиевты тыңдауды ұсынды.

«ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ БҰЛ ӘРЕКЕТІ – ДҰРЫС ЕМЕС»

– Осы мақаладан кейін әлденеше рет тексеріп, біз сол жерге бардық. Біздің журналистерге көптеген сұрақтарымыз бар. Біз олардың еңбектерін құрметтейміз, олардың да бізбен санасқанын қалаймыз. Маған бұл бейнежазба 18 шілдеде түсірілген деп айтты. Міне, бұл жерде қолымда Вестово-Камынино маңы бойынша 10 шілдедегі менің инспекторларым қол қойған акт бар. Сол күні олар осы қырылу қаупі бар ауданды тексеріп шықты, ол үнемі біздің назарымызда болады. Ол жердегі тереңдік 50-60 см, бұл актіде балықтың қырылуы тіркелмегенін, заңсыз аулау құралы жоқ екендігі және браконьерлік кәсіпшілікпен айналысатын адамдар жоқтығы жазылған. Бұл – құжат, - деп атап өтті Ермекқалиев. Мен 20 жылдан астам уақыттан бері балық қорғау қызметінде жұмыс істеп келе жатқан мамандарды жинадым. Осы ауданды тексеріп шықтық. Ол жерде ау құралдары қалай болуы мүмкін екенін мүлдем түсінбейміз?! Біз осы ауданға қалай жетуге болатындығы туралы карта сыздық. Бұған екі жол бар: Зарослый каналы арқылы ең қысқа жол немесе Приморский каналы арқылы да жетуге болатын қысқа жолдардың бірі, сондай-ақ Жайық сағасы арқылы. Бұл ау құралдары табылды деген жерге дейін шамамен 65-40 шақырым жер. 70 километрдің қандай екенін өздеріңіз елестетіп көріңізші?! Сондықтан бұл ауданда ау құралдары болды дегенге күмәніміз бар. Демек, ау құралдары бар болған болса, басқа ауданнан табылған. Содан соң бұл координаттарды бізге жабыстыра салғандай. Өйткені, вентерлер 60 см тереңдікте орналасуы мүмкін емес, вентердің диаметрі 1 метр. Бұл вентерлерді сол жерге апару үшін тиісті бударалар қажет. 5 дана вентерді ешқашан апармайды, апарса 50-60 данадан апарар. Ал бұл маңда бударалар жерге бірден батып қалады. Мен бұл бейнежазбаны бес-алты рет қарадым. Бірде-бір комментарий, бірде-бір дата жоқ.

Содан соң, бұл ау құралдары. Олардың бәрі таза – жасыл емес, шөп басқан емес. 2-3 сағаттан кейін кез келген ау құралы су мен балдыр түске боялады. Содан соң, вентерлердің бірінен мен екі балықты көрдім... Бізде көптеген сұрақтар туындап отыр... Жақсы, сіздер шығып, өздеріңізбен бірге құрметті адамдарды алсаңыздар екен, мені сол жабырқатты. Мен ол жерге кімнің барғанын, осының бәрін кім ұйымдастырғанын біліп отырмын. Егер сіздер табиғат байлығына қамқорлық жасағыларыңыз келсе, қане, бірге жасайық. Егер бұл менің аумағым болса, неге менің өкілімді бірге алмайсыздар? Мен бүкіл Атырау облысы үшін дерлік жауап беремін. Мұны БАҚ-тың құрметті қызметкерлерінің бұл жасағаны дұрыс емес деп есептеймін.

«БІЗ ОТЫРМАЙМЫЗ, ЖҰМЫС ІСТЕЙМІЗ»

– Жақсы, бұл жеке эпизод делік. Ал жалпы браконьерлік мәселесі бойынша бүгінгі күні, айталық, өткен жылмен салыстырғанда жұмыс қалай жолға қойылған? – деп оның сөзін бөлді Ғұмар Дүйсембаев.

– Бізде өткен жылмен салыстырғанда әкімшілік материалдар көп болды. Өткен жылы менің қарауымда Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары болды. Енді олар жоқ. Бірақ «Бекіре» балық қорғау акциясы бәрібір үш облысқа арналған еді. Бұл бойынша көрсеткіштердің басым бөлігін – 90 пайыздайын біз жасадық. Браконьерлік фактілері өткен жылға қарағанда екі есеге көп анықталды. Біз «Бекіреден» кейін жазда да қол қусырып отырмадық – мемлекеттік тапсырысты қамтып, екі бекіре өсіру зауыты үшін жұмыс жағдайын жасадық, өндіруші балықтарды ауладық. Осының алдында Махамбет пен Индер аудандарында 2 миллионнан астам майшабақтарды құтқарумен айналыстық. Енді келіп, бір мақала шықты да, біз мүлдем ештеңе жасамай, ештеңемен айналыспай отырғандай болдық. Мен, осы жерде отырған бөлім басшыларына күн сайын қоңырау шаламын. Олар күн сайын аумаққа бақылау жасайды. Бірақ мына Вестово-Камынино аумағы – ол өте алыста орналасқан, мен күн сайын ол жерге бара алмаймын. Маған ол үшін тіпті, біріншіден, жанар-жағармай құралдары жетіспейді. Екіншіден, біздің материалдық-техникалық жабдықталуымыз осал екенін бәріңіз де білесіздер. Егер бұл теңіз болса, мен ол жерге теңіз кемесімен баруға тиіспін. Біз жеке катерлермен шығамыз, тіпті тартылынды катерлермен деуге болады. Жігіттердің казанкасы да, моторлары да жоқ. Олар, әрине, өз аумақтарына бақылау жасау үшін өздерінің жеке жүзбелі құралдарын пайдаланады. Біз отырмаймыз, күн сайын жұмыс істейміз. Мына Еркінқала, Курилкино, қала, су жинау станциясы аумақтарын күн сайын – таңнан кешке дейін сүзіп шығамыз – ол жақты сүзіп шықсақ, бұл жерде пайда болады. Бұл жерде сүзсек - ана жақтан шығады... Сіздер түсініңіздер, бұл жерде Жайық бойында адамдар мекендеп, балық аулап келеді, олардың бұл әдетін қойдыру үшін ең қатаң шаралар алу керек.

– Көрсеткіштерді, цифрларды беріңіз. Сіз журналистерді қанша рет шақырдыңыз? Менің түсінуімше, сіз шақырып тұрасыз. Рейд ұйымдастырған кезде оларды өздеріңізбен бірге шақырып, міне, біз осындаймен айналысамыз деп көрсетіңіз. Олармен бірге шаралар жоспарын жасақтаңыз, - деп ұсынды Дүйсембаев.

– Ғұмар Ислямұлы, жазғы кезеңде, айталық, біз оларды екі бекіре өсіру зауытымен бірге майшабақтарды құтқаруға үнемі шақырып тұрамыз, біз олардан қашпаймыз. Шілденің ортасында біреу бейнежазбаға түсіреді, еңбек демалысынан шығамын, ал екі аптадан соң осылай шапалақпен ұрғандай болады. Маған осы ұнамады. Иә, түсінемін, заң бұзушылықтар, олқылықтар бар, алайда балық қорғау қызметінің жұмысын толықтай жоққа шығаруға болмайды ғой. Егер айту керек болса, біз ешкімнің ау құралдарын қарауылдап отырған жоқпыз. Мен басқа жақтан келген адаммын, осы жерде жұмыс істеп жүргеніме жеті жыл болды. Адал атқарып жүрмін деп есептеймін. Менің бұл жерде жақын туыстарым жоқ. Біз ешкімнің де ау-торларын күзетпейміз. 20 жыл жұмыс жасап келе жатқан мамандар ол ауданда бұл аулардың қайда болуы мүмкін екенін түсіне алмады. Демек, бұл торларды басқа жерден түсірген немесе бұл көктемгі балық аулау маусымында, сәуірде болған. Шілденің ортасында осы жерде ау құралдарының, дәлірек айтқанда, вентерлердің тұрғанына мені ешкім иландыра алмайды.

«СІЗДЕР ОЛ ЖЕРГЕ ҚАЛАЙ ТАП БОЛДЫҢЫЗДАР?»

– Осы сұрақтардың барлығы шын мәнісінде маған бағытталғандықтан, мен комментарий бере аламын ба? Мені іс жүзінде: а) осы бейнежазбаны түсіріп, балық қорғау қызметін айыптау үшін ау құралдарын өзім апарып, орнатып қойыппын; б) оны көктемде түсіріп, жаңадан түсірілген деп жалған айтты; в) мұны көрінеу басқа жерде түсіріп, Камыниноның координаттарын беріп отыр деп айыптап отыр. Сонымен, жауап берейін: менде көрсетілген жерде, мақалада айтылған координатта «Магеллан» навигаторы дисплейінің суреті бар. Біз сол жермен жүрдік, өз басым сол жерде болып, түсірдім. Бейнежазба – 18 шілдеде жазылды.

– Сіз ол жерге қалай тап болдыңыз, қалай жеттіңіз, сіз қайда болдыңыз, кіммен? – деп, Ермекқалиев мені сұрақтың астына алды.

– Мен бұл сұрақтарға жауап бермеймін. Мен тек ақпарат көздері және мені апарған тұлғалардың атын тек егер сот мұны қажет деп есептеген жағдайда ғана атай аламын. Қазіргі мәселе менің ол жерге қалай жеткенімде емес. Сіз екінші мәселедегі детальға кетіп қалдыңыз.

– Мен өзімде кінә жоқ деп отырған жоқпын, айтып отырмын ғой – олқылықтар бар.

– Теңіздегі 70 шақты ау құралын сіз олқылық деп атайсыз ба?

– Ең болмағанда мені өзіңізбен бірге шақырсаңыз болар еді...

Мен сізді қалай шақыра аламын?! Жоғарыда сіз айтқандай, бізді өзіңіз шақырып, теңізге апарады деген ұсынысқа келсек, кешіріңіз, бірақ бұл аңғырт естіледі дер едім. Мен де алдын ала қонақ бөлмені ретке келтіріп, қонақтарды шақырып, басқа бөлмеге кіргізбей қоя аламын.

– Бір вентерде төрт тонна балық болуы мүмкін деп сізге кім айтты?

– Ал бір вентерде қанша тонна болуы мүмкін, айтыңызшы.

– Оны менің мамандарымнан сұраңыз...

– Бір вентерде бұлай болуы мүмкін емес, - деп сендіре бастады Ермекқалиевтың қарамағында жұмыс істейтіндердің бірі. – Бәлкім, 90-шы жылдары болған шығар. Бірақ қазір емес, оның үстіне, уылдырық шашатын кез емес, балық аулау маусымы емес. Болса, 100-200 келідей шығар. Жыл сайын балықтар азайып барады. Сіз жазған жерден 4 тонна балықтың шығуы мүмкін емес. Содан соң 6 тамызда мақала шықты. Сол күні біз прокуратурамен бірігіп, осы учаскеге бардық. Осы координатқа дейін үш шақырымдай жерге жете алмадық. Біз мұны түсіне алмай отырмыз – балық қалай түсуі мүмкін. Бұл нүкте шынымен де Камынино ауданы. Бірақ ол жер тыныш.

– Маған айтуға бола ма? – деп сөз алды Виктор СУТЯГИН. – Бұл жерде шынымен де Зульфияның өзі барып, вентерді құрғандай айтылды... Айтқым келгені: кеше балықшылармен сөйлестім, олар сол вентерлер қойылған база керемет жұмыс істеп тұр, төрт будара бар, торлар әзірге жоқ сияқты деп растады. Ганюшкиндіктердің аулайтынын: кімнің аулап, кімнің қамқоршы болатынын, бәріміз білеміз ғой – қала кішкентай. Ескерте қойса болар еді дейсіз, егер біз ескертсек, әрине, ол жерде ештеңе болмайды.

– Мен өзім барамын, ал сіз тек жақындаңыздар. Сол кезде шаралар аламын, - деп өзін ұсынды Ермекқалиев. – Бірақ 1 қыркүйектен бастап теңізде балық аулау басталады.

– Яғни, мұны 1 қыркүйекке дейін жасау керек, - деп қорытындылады Ғұмар Дүйсембаев.

«МЕН ОНДА ҚАЙТА-ҚАЙТА БАРА БЕРМЕЙМІН»

– Мен бұл түсірілімнің шілдеде болғанын және оның сол жерде жүргізілгенін растай аламын, себебі сондай рейдке белгілі бір адамдар мені де шақырды, бірақ кейін әлдеқайда танымал газетке ұсыныс түсіруді шешті. Сондықтан бұл дәл шілдеде болған және сонда түсірілген. Мен мұны растаймын, – деп, әріптесім Лев ГУЗИКОВ маған қатысты күмән келтіргендерге қарата сөйледі. – Сіз ау-торлардың тазалығына назар аудардыңыз. Аулау құралдары журналист үшін арнайы қойылған дегенді айтқыңыз келмей ме? Мұндай операцияны ұйымдастыру үшін қаншама күш және қаражат қажет және ең бастысы: мақсат қандай?

– 6 тамызда мен екі балықшыны өзіме шақырдым да сұрадым, олар маған бір сағаттың ішінде қойып, жарты сағатта алып тастаймыз деді, – деп жауап берді Ермекқалиев.

– Біз бейнежазбаны көрдік: онда адамдардың бет-жүзі көрінбейді, ешқандай комментарийлер жоқ, тек таза ау құралдарын көтеріп жатыр. Мен сізге 100 пайыз беремін, егер біз қазір барып тор салсақ, олар екі сағаттан кейін балдырларға толып кетеді. Ал бұларды қазір ғана салған секілді, – деп қосты Рүстем есімді оның қызметкерлерінің бірі.

– Мен сіздің дәлелдеріңізді түсініп отырмын. Бірақ мен өз көзіммен көргенімді айтып отырмын: онда вентерлерді санамағанда шамамен 70 тор болды. Сіз айтыңызшы, бұл қалай мүмкін, бұған қанша сағат керек? – деп сұрадым мен одан.

– Сізге координаттарды кім берді, сіз қалай жеттіңіз онда? Мүмкін сіз басқа ауданда түсірген боларсыз, мүмкін сізге координаттарды басқа біреулер берген болар?...

– Сіз мені өтірік айтып отыр деп айыптап отырсыз ғой. Бұл мағынасыз әңгіме. Жақсы, мейлі бұл басқа аумақ болсын, бірақ анығы, бұл сіздің қарамағыңыздағы жерлер – қайда екенінің айырмашылығы не?

– Мен қайталап айтамын, мен өзімнен жауапкершілікті түсірмеймін, – деп қайта араласты Ермекқалиев. – Кезінде табиғи резерват құрдық. Резерваттың белгілі бір аумақтары бар, оларды «Ақ Жайық» МТР қорғайды. Иә, мен оларға бақылау жүргіземін, сол су қоймаларын қадағалаймын, бірақ олардың аумағына артық бас сұқпаймын. Өйткені онда көктемде балықтардың жаппай қырылуы орын алды, есіңізде ме, 9 мамырда болды ғой? Мен онда мұны қаламасам да қызметтік қорытынды жүргіздім, себебі маған солай айтты. Екі басшыны – Құрманбаев пен Дауылбаевты (резерват директоры Арман ҚҰРМАНБАЕВ пен директор орынбасары Әлімғали ДАУЫЛБАЕВ) Астанаға шақырды, жазалады. Олар: не үшін, біз бір комитеттеміз ғой дегендей әңгімемен маған келген болатын. Егер ашығын айтсақ, кейде өзімнің әріптестерімнің аяғынан шалғым келмейді. Олардың өз аумағы бар, солар жауап берсін. Мен онда қайта-қайта бара бермеймін.

– Сіз бұл есімдерді және ведомствоны – «Ақжайық» резерватын бекер атаған жоқсыз. Сізге торларды кімнің қойғаны белгілі ме? – деді Лев Гузиков.

– Енді, мен Зульфиямен кімнің болғанын білемін…

– Бұл басқа нәрсе, ал сізге торларды кімнің қойғаны және қандай мақсатпен қойғаны белгілі ме? – деп, сұрағын қайталады Гузиков.

– Жоқ, маған бұл белгісіз. Мен тек топшылай аламын.

– Бейнетүсірілім сәуірде болған – онда дата да, ештеңе де жоқ! – деп айқайлап жіберді балық қорғау қызметі қызметкерлерінің бірі.

– Менде мынадай ұсыныс бар: дауласпас үшін мәселенің басын ашып алу керек, әйтпесе, әркімнің өз шындығы бар екен, – деп оны бөліп жіберді Дүйсембаев. – Менің ұсынысым: Сіз онда журналистпен бірге барасыз, қарайсыздар, егер бұл резерваттың аумағы болса, резерватпен сөйлесеміз. Бұл торлардың қайда тұрғанында қандай айырмашылық бар? Ақиқаты - балық аулау маусымы кезінде тұрғанында. Біз меморгандар ретінде мұны бақылауға тиіспіз.

Ермеккалиев:

– Мен бұқаралық ақпарат қызметкерлеріне тағы да айтқым келеді: егер аталмыш аумаққа шығуды жоспарласақ, Зульфия, өзіңізбен бірге халық сенетін құрметті адамдарды алып шығыңыз.

АЛ СЕН ӨЗІҢНІҢ ТЕРІҢДІ МЕМЛЕКЕТТІКПЕН ШАТАСТЫРМА

– Мен біздің жарияланымнан кейін сіз өзіңіздің қызметкерлеріңіздің жедел шығу сапарынан соң 6 тамызда басқа басылымдардағы әріптестерім мен табиғат қорғау ведомстволары үшін ұйымдастырған теңізге шығу сапарыңыздың қорытындыларына түсіндірме берсем деп едім. Мен сіздің ол жерде ау-торларды неліктен таба алмағаныңызды білемін – бұл ақпараттың қарапайым жайылып кетуі. 18 шілде қайда, 6 тамыз қайда? Оның үстіне осы уақыт аралығында мен басқа балық қорларын бақылаушы ведомстводағы әріптестеріңізбен сөйлестім (мәселен, шекарашылардан менің ізім бойынша рейд ұйымдастыруды немесе менің түсірген дәлелдерімді растауды, болмаса теріске шығаруды сұрадым, бірақ олар қолайлы кемелердің жоқтығына сілтеп, бас тартты; сондай-ақ белгілі мекемелердің бірқатар адамдарынан комментарий алуға тырыстым, олардың кейбірі кейін анықталғандай, ресми түрде Ермекқалиевтің құрылымымен бірлесіп жұмыс істейді екен. З. Б.). Сіз өзіңіз жоғарда бәріңіз әріптестеріңізбен араласып, санасатыныңызды мойындадыңыз. Сондықтан сіз бұл рейд туралы жарияланымға дейін де білгеніңіз таңсық емес, мен де сіздер мақала шықпас бұрын бәрін тазалап тастайсыздар-ау деп болжағанмын. Екіншіден, сіз жоғарда сіздің құрылымның соншалықты жұтаң екенін, нашар қамтамасыз етілгенін, сіздің қызметкерлеріңіздің жеке көлігі мен жанар-жағармайды пайдаланатынын айттыңыз. Мұны қалай түсінуге болады: қарапайым қызметкердің жеке қайығы бар да, ал балық қорғау қызметінде жоқ?

– Иә өйткені бәрі жарамсыз, істен шыққан, ескірген. Сіз менде қанша қайықтың есептен шығарылғанын білесіз бе? Бұл мен кезінде қабылдаған шаруашылық.

– Ал сіздің қызметкерлеріңізге жеке казанкалардың қажеті қанша?

– Сіз көшеде неге жеңіл машина көп деп айтпайсыз ғой? Олар болса, су қоймаларында жұмыс істейді, олар немене енді жүзіп жүріп жұмыс істеулері керек пе?

– Олар өздерін көлікпен және жанар-жағармаймен қамтамасыз ететін мемлекеттік құрылымға жұмыс істейді. Оларға жекеменшік жүзбелі құралдардың қажеті қанша?

– Сіздің жеке су кемесіне қандай қарсылығыңыз бар, сіз маған түсіндіріңізші?! – деп тағы араласты Ермекқалиевтің эмоционалды қызметкерлерінің бірі.

– Неге керек ол сізге? Сіздің теңізге жеке тұлға ретінде шығуға рұқсатыңыз жоқ.

– Мүмкін мен судағы серуенге арналған катер алармын, – деп қоймады әлгі адам.

– Мына жағдайды қарастырайық: мен өзіме казанка сатып алдым делік, сонда мен оны жағаға оңай қоя саламын да, онымен қайда және қашан қаласам да жүзе бере аламын ба?

– Сіз көлік құралын тіркеп, оған паспорт алуыңыз керек және тағы басқа... – деп айтып берді Дүйсембаев.

Демек, сол жекеменшік казанкамен теңізге де шығуға бола ма?

– Егер онда балық қорғау қызметінің қызметкері болса... – деп жорамалдады Гузиков.

– Егер сізге шекарашылар рұқсат қағазын берсе, онда мархабат, – деп түзеп жіберді оны Ермекқалиев.

– Ал маған бере ме?

– Оны мен білмеймін, оны сізге шекарашылар айтсын.

– Сіздің қанша қызметкеріңіздің жеке катерлері бар? – деп сұрады Гузиков.

– Нақты айта алмаймын, бірақ көбінде бар.

Кездесудің соңында мен жарияланымнан соң Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Әзиз НҰРАЛИЕВТЫҢ телефон арқылы хабарлаған маған қатысты әкімшілік істің мәртебесін, оның қалай жүріп жатқанын хабарлауды сұрадым,

– Мен сізге қоңырау шалған жоқпын ғой, – деп шамданды Ермекқалиев.

– Бірақ сіздің қызметкеріңіз қоңырау шалды.

– Бұл абсурд қой, қандай негізде? Сізді немене, торлармен бірге ұстады ма?

…Соған қарағанда, бұл телефон әңгімесі басшымен келісілмеген, сондықтан тыныш өмір сүруіме болады екен – маған ешқандай іс ашылмайды. Бұл да жақсы.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

19 тамыз 2015, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.