Экономика Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме бекітілді Қазақстанда енді несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі реттелетін болады. 20-шы ақпанда ипотекалық несиелеу және қаржы қызметін тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелерін реттейтін заң күшіне енді. 23 ақпан 2011, 00:00 5 100 просмотра
Қоғам «Кәсіподақ төрағасын тыңдауға міндетті емеспіз» Қашағаннан жетіп жатқан хабарларға қарағанда, ол жақатағы еңбек қатынастары мәз емес. Ал жұмысшылардың құқықтарын қорғау үшін сөз жоқ, мықты кәсіподақтар қажет. Бірақ мұндай қауқарлы кәсіподақтар бар ма, әңгіме сонда. 23 ақпан 2011, 00:00 3 669 просмотра
Саясат Елбасын бұрынғыша сайлайтын боламыз 3 сәуірде өтетін президент сайлауында атыраулықтар тек қағаз бюллетендер арқылы ғана дауыс бере алады. Орталық сайлау комиссиясы енгізу үшін миллардтаған теңге жұмсалған «Сайлау» электронды дауыс беру жүйесінен бас тартуға шешім қабылдады. 23 ақпан 2011, 00:00 4 289 просмотра
Басқа жаңалықтар Жедел рәсімдеу қайта қолға алынды 21 ақпаннан бастап әділет органдары құжаттарды жедел дайындаудың үш санаты бойынша (жеті күн, он және он бес күн) рәсімдеуді қайта жандандыра бастады. 23 ақпан 2011, 00:00 3 221 просмотра
Қоғам Астананың аязы Атырауға ауды Бүкіл Қазақстан бойынша күннің суытқаны байқалады. Аяқ астынан басталған аяз көптеген қалаларда, соның ішінде Астана мен Өскеменде мектептегі сабақтарды болдырмай тастады. Атыраулық оқушылар әзірге аялдамаларда автобус күтіп бүрсеңдеуге мәжбүр. 23 ақпан 2011, 00:00 3 638 просмотра
Саясат Муамар Каддафидың ұлы Ливияның азаматтық соғыс қарсаңында тұрғанын айтады Ливияны қырық жылдан астам билеп отырған Муамар Каддафидың ұлы – Сейф әл-Ислам Ливияның азаматтық соғыс қарсаңында тұрғанын мәлімдеді. 21 ақпан 2011, 00:00 3 893 просмотра
Қоғам Қоянжырық қайдан пайда болады? Облыста іштей туа біткен ерін, қызыл иек, қатты және жұмсақ таңдай жарығымен туылған балалар саны соңғы мәлімет бойынша 172-ге жетіпті. Халық арасында ондай белгілерді «қоянжырық» және «қасқыр ауыз» деп атайтыны аян. Алайда, қаламыздағы бас балалар стоматологы Таласбай ОРАЗБАЕВ «осындай аномальді даму белгісін олай атауға мүлдем болмайды, бұл ота жасатып, оңалып шыққан балалардың және олардың аналарының жанын қайта жаралайды» дейді. Ал облыстың бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВАНЫҢ айтуынша, мұндай іштей туа біткен ақауларды нәресте жарық дүниеге келмей тұрып УЗИ-дің көмегімен алдын алуға болады екен. Қалай дейсіз ғой? Жүкті әйелдерге түсік жасатуға ұсыныс беру арқылы. 18 ақпан 2011, 00:00 29 666 просмотра
Басқа жаңалықтар Магниттік дауылдың әсері «АЖ»-ға Қазақстан Республикасының ионосфера институтының қызметкері Ирина ЦЕПАКИНА хабарлағандай, спутник күн бетінен орташа және үлкен қуаттылықтағы жарқылдар тізбегін тіркеген. Бұл Х класына жатады – мұндай құбылыс соңғы рет 2006 жылдың желтоқсан айында байқалыпты. 17 ақпан 2011, 00:00 14 997 просмотра
Экономика Айлықтың «айласын» асырғандар Атырау облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша, 2010 жылы желтоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық номиналдық еңбекақы 164 035 теңгеге тең болған. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де осы. 2009 жылдың желтоқсанындағы өсім 12,2 пайызды құраған. 17 ақпан 2011, 00:00 3 085 просмотра
Экономика «Өнеркәсіп өнімінің көлемі» триллионға жетті Кеше Атырау облысының әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ облыс активінің алдында өткен жылдағы атқарылған істердің есебін беріп, ағымдағы жылдың міндеттерін белгіледі. Баяндаманың негізгі желісі мынадай еді: «Қалауын тапса, қар жанар». Өткен жылғы есеп берулерге қарағанда, бұл жолы «Атырау» мәдени орталығының ғимаратында полицейлер жасағы болған жоқ, екі полицейден басқа сұлбаларына қарағанда, төменгі шенді шенеуніктерге ұқсамайтын штаттық киім киген екі ер адам ғана болды. Б.Рысқалиев мәлімдегендей, оның бұйрығы бойынша көшеге микрофон орнатылған болып шықты, залға кіре алмаған жұртшылық өкілдері оған өздерін толғандыратын сұрақтарын қоя алады екен. 17 ақпан 2011, 00:00 3 633 просмотра
Қоғам «ЖКХ» және суға батқан жертөле Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен әйгілі академик Зейнолла Қабдолов атындағы Кітап үйі орналасқан ғимараттың жертөлесі ыстық суға толған. Бөлім қызметкерлері мен келушілер сасық иісті бумен уланып қана қоймай, миллион теңгеден астам сомадағы кітап басылымдары тауарлық бейнесін жоғалтуы мүмкін. 17 ақпан 2011, 00:00 4 738 просмотра
Оқиға Бетперде киген қарақшылар қолға түсті Жылыой аудандық ІІБ баспасөз қызметі хабарлағандай дүкендер мен жағар-жанар май стансаларына қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлер ұсталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. 17 ақпан 2011, 00:00 3 532 просмотра
Оқиға Әкім 8 миллионды жымқырған Махамбет селолық округінің бұрынғы әкімі сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмысы үшін сотталып жатыр. 17 ақпан 2011, 00:00 3 160 просмотра
Қоғам Жаңа жүйемен жылытылатын нысандар мекен-жайы белгіленді Естеріңізде болса, биылдан бастап бүкіл республика бойынша автоматтандырылған жылыту пунктерін қондыру жобасының енгізілетіні жайлы газет бетінде жарияланған болатын («ЖС», №4, 27-қаңтар, 2011ж. «Жылуды үнемдеу жолдары табылды»). Бүгінде олардың Атырау қаласында қандай нысандарда қойылатыны анықталып отыр. 17 ақпан 2011, 00:00 3 775 просмотра
Мәдениет Ақбота КЕРІМБЕК: «Үмітімді ешқашан үзген емеспін» Ақпанның 11-сі күні Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрында елімізге танымал эстрада әншісі Ақбота КЕРІМБЕК жеке шығармашылық концертін берген еді. «АЖ» тілшісі осы сәтті пайдаланып, ән әлемінде өзіндік орны бар өнер өкілін әңгімеге тартқан болатын. Олай болса, әуелі «Аппақ гүлдер», кейін «Қош, махаббат», қазір «Келем деші» дейтін хит әндерімен өз тыңдармандар аудиториясын қалыптастыра алған әншімен болған сыр-сұхбатқа үңіліңіз. 17 ақпан 2011, 00:00 6 773 просмотра
Мәдениет Домбыраның дүлдүлі Осындай атаумен өткен аптада Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде күй қағаны Рыспай Ғабдиевтің 75 жас мерейтойына арналған концерт өтті. Кезінде өзі жетекшілік еткен Дина Нұрпейісова атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестрі ҚР мәдениет қайраткері Талғат Қамалиденовтың дирижерлығымен «Тойбастар» шығармасын орындап, кештің шымылдығын ашты. 17 ақпан 2011, 00:00 11 814 просмотра
Мәдениет Шетелдіктер Қазақстан суретшілерімен танысты Ақпанның 12-сі күні Шаймардан Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы өнер музейінде республикамызға танымал суретшілердің көрмесі өткізілді. «Тәуелсіздік – тәңірдің берген сыйы» деп аталған көрмеге музей қорындағы 33 суретшінің 73 туындысы қойылыпты. 17 ақпан 2011, 00:00 7 390 просмотра
Қоғам Кооперативтердің орнына басқарушы компаниялар келеді Биылғы жылы ПИК-терге үйлерді пайдалану қызметін көрсететін басқарушы компаниялар көмекке келмек. Жазға таман қаладағы отыз шақты көпқабатты үйлер таңдалынады, оларды тәжірибе аясында басқарушы компаниялар ретке келтіруі тиіс. Жөндеуге жұмсалатын ақшаны несиеге алмақшы. Оны кейін тұрғындар төлейтін болады. 17 ақпан 2011, 00:00 2 966 просмотра
Қоғам Балабақшадан үмітті әлі жеті мың бала бар 2010 жылы Қазақстанда «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі балалар үшін 88,5 мың орын дайын болды, осылайша, балабақшамен қамту 41,6%құрады. Бұл мәліметтерді ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің алқа мәжілісінде министр Бақытжан Жұмағұлов жария етті. Оның баяндамасында Атырау облысы мектепке дейінгі мекемелерде балаларды орынмен қамту жоспарын толығымен орындады деп атап өтілді. 17 ақпан 2011, 00:00 4 546 просмотра
Қоғам Қар күреген арулар Сейсенбі күнгі төпете жауған қар көше тазалаушылар үшін уайым бола қойған жоқ. «Әрине, ол ауыр жұмыс, оның үстіне оған күннің күрт суытуы дөп келді. Қолдың бұлшық еттері де сырқырайды,-дейді күректің сабына шынтақтай сүйенген, керемет әдемі Лала есімі бар қарақалпақ қызы. – Бірақ, наурыз айының басында негізгі еңбекақымызға осы қар жауған күндердегі еңбегіміз үшін сыйақы беретіндігі есіме түскенде көңілім шаттанғандай болады». 17 ақпан 2011, 00:00 4 632 просмотра
Қоғам Бүлдіршін екпеден соң көз жұмды Мақат аудандық сотының тәжірибесінде алғаш рет медицина қызметкеріне қатысты бас бостандығынан айыру жөніндегі үкім шығарылды. Фельдшер М.Айтуаров бір жыл бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. 17 ақпан 2011, 00:00 7 108 просмотра
Мәдениет Сахна сыртындағы шебер Көрермен үшін театр киім ілгіштен басталады, ал актер үшін грим жасау бөлмесінен басталатын шығар. Махамбет атындағы облыстық драма театрының қуыс-қуыс түкпірінде орналасқан осы бөлмедегі төрт трюмоның алдында актерлар қалпақтарын киіп, сақал-мұрттар жапсырып, әбігерге түскен. Қыздар жағы сәнді шаштарына жасанды ұзын бұрымдарын өрсе, ал беттеріне грим жасалған басқалары ешкімге көңіл аудармастан домбыраларын дыңғырлатып жатыр. 17 ақпан 2011, 00:00 10 092 просмотра
Қоғам Өркениеттен тыс тіршілік Ақпан айы нағыз қыс екенін танытты. Қалада жаңбыр жауса, ал далалық ақ көрпеге оранып жатты. Осындай мазасыз күндері қыстақтардағы шаруалардың жағдайы не болып жатыр деген қызығушылықпен Индер ауданы Елтай селосының қырлығына шыққанбыз. 17 ақпан 2011, 00:00 7 942 просмотра
Оқиға Қылмыстық кодекстегі өзгерістер 5-ші ақпанда «Қылмыстық заңнамаларды әрі қарай ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылық кепілдіктерді күшейту мәселелері бойынша кейбір ҚР заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде қандай өзгерістер болғандығын әңгімелеп беруді адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВТАН өтінген едік. 17 ақпан 2011, 00:00 6 539 просмотра
Басқа жаңалықтар Анасының қабірінде көз жұмған Әйелдер колониясының жоғалып кеткен қызметкері табылды. 17 ақпан 2011, 00:00 3 028 просмотра