Атырау, 3 мамыр 23:52
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Спорт жаңалықтары

1 777 просмотра

Ешкімнен кем емес

Атыраулық желаяқ Ресейдің Жигулевск қаласында өткен «Самарская Лука» экологиялық марафонына қатысты.

Жарыстар 21 шақырым 98 метр және 42 шақырым 195 метр қашықтық бойынша өтті. Жүгіріске Ресейдің көптеген қалаларынан, сондай-ақ, Голландиядан келген марафоншылар қатысты. Қаламыз атынан бұл додаға мұнай және газ институтының спорт және дене тәрбиесі кафедрасының профессоры Асқар Қазиев қатысты. Ол жартылай марафондық қашықтықты жеңіл атлеттердің негізгі тобымен бірге өтіп шықты. 

***

 

Әзірге алтыншы орындамыз

8-9 қазанда Астанада «Бейбарыс» хоккей командасы жергілікті «Номадпен» екі матч өткізді. 

Бірінші матчта алаң иелері ойыннан кейінгі буллит бойынша жеңіске жетті. Екінші матчта «мәмлүктер» 2:0 есебімен есе қайырды (Матис Краль мен Кирилл Сидоренко). «Бейбарыс» турнир кестесінде әзірге алтыншы болып тұр.

***

 

Студенттер марафоны

Қалалық спорт бөлімінің қолдауымен Жайық жағасында «Күзгі марафон» өткізілді. 

Жеңіл атлетика жарыстарының жеңімпаздары мыналар: (1-орыннан 3-орынға дейін сәйкесінше): жігіттер –Амантұр Табылдиев (АМУ), Аманжан Манапов, Айбол Бисембаев (екеуі де АМГИ); қыздар – Альбина Ғасырбеккызы (АМУ), Айкөркем Алтыбай (педколледж), Ақмарал Шамшиденова (АМУ).

***

 

Үміткерлер көбейді

Шымкентте БЖСМ, олимпиадалық резерв дайындау орталықтары және спорт интернаттары шәкірттерінің арасында таеквондодан (WTF) Қазақстан чемпионаты өтті. 

Чемпионатқа еліміздің700-ден аса жас таеквондошылары жиналды. Жүлдегерлерге спорт шеберлігіне үміткер атағы берілді. Спортшыларымыздың басты қарсыластары Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының құрамалары болды. Атыраулықтар есе жіберген жоқ, қоржын жүлдеге толды. 

Артур Серік пен Алдияр Ғаділбеков ҚР чемпионы болса, Арыстанбек Әбдіқұлов, Мұрагер Жұбаналиев, Хадиша Ахметқалиева және Ержан Өтегенов «күміс» медаль иеленді. Ал, Әли Байырханов, Арыстанбек Өтепбергенов, Нұрсұлтан Қабдрахманов, Данияр Базарбаев, Дамир Бисембай, Азамат Төлеуов, Арайлым Асқарова, София Амангелдиева, Динара Меңдіғалиева және Инабат Жолдығұлова «қолаға» қол жеткізді. Спортшылар 1-БЖСМ (Привокзальный) және 1-ОРМБЖСМ (Привокзальный) залдарында жаттығу жасайды.

***

 

Қайсарлықтардың турнирі 

«Мұнайшы» спорт кешенінде годзю-рю карате-до бойынша қалалық турнир өтті.

Жарысқа «Қайсар» дәстүрлі карате мен муай-тай спорт клубының 96 шәкірті қатысты. Ибрагим Закариев, Дамир Нұрбергенов, Санжар Мұқан, Вячеслав Хорошев, Владислав Калмыков, Нұрсұлтан Қалиев, Дмитрий Ефремчин, Асқар Мизамғали, Асылхан Сағынғали, Александр Калмыков, Арсен Меңдібаев, Серік Сағынғалиев, Бейбарыс Жамбыр, Әбілмансұр Батырғали, Давид Хамитский, Нұрдәулет Мұрат, Аружан Жамбыр, Танаис Абай, Полина Воеводина және Карина Айтжанова жеңімпаз атанды.

***

 

Су үстіндегі тартыс

Орталық жүзу бассейнінде су добынан қалааралық турнир өтті.

Жарысқа Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы және Атырау командалары қатысты. Жаттықтырушы Ернұр Қойлиевтің шәкірттері аса тартысты өткен алғашқы матчта оралдықтарға 9:11 есебімен есе жіберді, алайда, келесі кездесуде БҚО командасын 19:3 есебімен ойсырата ұтты. «Атыраулық» Юрий Грузинцев, Сәттібек Кенжебай және қақпашы Даниил Белоусов жақсы өнер көрсетті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.