Атырау, 29 қыркүйек 13:20
 дождьВ Атырау +18.1
$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

Астанадағы қанды оқиға: ішкі істер органдарының қызметкерлері жауапқа тартылып жатыр

71 рет қаралды
Сурет: Polisia.kz
Сурет: Polisia.kz

Астанадағы әйелдің өлімі бойынша істе бұрынғы төрт полиция қызметкері қамауға алынып, ПД басшысының орынбасары қызметінен босатылды

Астанада полицияның әрекетсіздігі мен салғырттығы салдарынан автотұрақта әйел адамның қатыгездікпен өтірілуіне байланысты бұрынғы төрт полиция қызметкері қамауға алынды. Тергеу жөніндегі ПД бастығының орынбасары атқаратын лауазымынан босатылды, деп хабарлайды hronika.kz.

29 қыркүйекке қараған түні уақытша ұстау изоляторына (УАҚ) Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің тергеушісі мен учаскелік инспекторы, сондай-ақ Нұра ауданының екі учаскелік инспекторы қамалды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 371-былымының 2-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған салғырттық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Төртеуі де қарсаңында ішкі істер органдарынан теріс уәждермен жұмыстан шығарылған болатын.

Бұдан бөлек, Астана қаласы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары да лауазымынан айырылды.

Қауіп-қатерлерді елемеу және қайғылы оқиға

Қайғылы оқиға 23 қыркүйекте кешке орын алды. Қаза тапқан әйелдің бұрынғы күйеуі — 33 жастағы Т. Камиден үй жанындағы автотұрақта бұрынғы жұбайы Ж. Камиденмен кездескен. Haval M6 автокөлігінің салонында оларсөзге келіп қалып, ер адам 28 жастағы әйелге 13 рет пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды. Күдікті ұсталды.

Белгілі болғандай, шабуыл жасаған адамның өзі — бұрынғы полиция қызметкері, ІІО-да 2014 жылдан 2026 жылдың шілдесіне дейін қызмет етіп, өз еркімен жұмыстан босатылған. Ерлі-зайыптылар ресми түрде ажырасуды тек 14 қыркүйекте рәсімдеген.

Тергеу материалдары қауіп-қатер туралы дабылды бірнеше рет елеусіз қалдырған құқық қорғаушылар жұмысындағы жүйелі олқылықтардың бетін ашты:

  • 2025 жылғы 5 маусым: Ер адамға қатысты алғаш рет қорғау нұсқамасы шығарылады.

  • 2026 жылғы 18 тамыз: Кайтадан қорғау нұсқамасы шығарылып, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша іс басталады (ҚР ҚК 108-1-бабы 1-бөлігі).

  • 21 тамыз: «Сарыарқа» ауданы прокуратурасының нұсқауы бойынша зорлау туралы қылмыстық іс бөлек өндіріске бөлінеді (ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлігі).

  • 7 және 9 қыркүйек: Күдікті бұрынғы әйеліне келіп, пышақпен ашық түрде сес көрсетеді.

  • 22–23 қыркүйек: Сарыарқа ауданының полициясы зорлау туралы істі тоқтатады. Прокуратура денсаулыққа жеңіл зиян келтіру сараптамасымен келіспей, әрекетті «Қинау» (ҚР ҚК 110-бабы 1-бөлігі) бабына қайта саралауды талап етеді. Дегенмен күдікті бостандыққа жіберіледі.

Босатылғаннан кейінгі келесі күні-ақ ер адам бұрынғы әйелін аңдып, өлтірген. Қазір ҚР ІІМ ішкі қауіпсіздік департаменті марқұмның өтініштері бойынша іс жүргізу шешімдерін қабылдаған барлық лауазымды тұлғаларды тексеруді жалғастырып жатыр.

Бүгін, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.