«Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымы Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылды, оның қызметіне Қазақстан Республикасында тыйым салынды деп хабарлайды Қазақстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
«2014 жылы 18 тамызда Астана қаласы прокурорының арызы бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымын экстремистік деп тану және оның қызметіне Қазақстан Республикасындағы тыйым салу жөніндегі шешімі шықты»,-делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, осы шешімді шығару кезінде аталған ұйымның экстремистік бағыттағы қызметі жөніндегі қолда бар материалдармен қатар сотпен «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымының қызметіне Ресей Федерациясында, Қырғызстанда, АҚШ-та, Түрік Республикасында және Еуропалық одақта тыйым салынғандығы ескерілді.
«Сот шешімі заңды күшіне енді, осыған орай «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымының қызметіне қандай да бір қатыстылық (қызметіне қатысу, қаржыландыру, идеологиясын насихаттау және т.б.) заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады»,-деп атап көрсетілген хабарламада.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары