Атырау, 29 қыркүйек 13:20
 дождьВ Атырау +18.1
$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

Қазақстан Теңіздегі үлесін 35%-ға дейін арттырғысы келеді — Bloomberg

66 рет қаралды

Қазақстан 2033 жылдан кейін Теңіз кенішін игеру жөніндегі келісімді ұзартуға дайын, алайда инвесторларға бірқатар маңызды шарттар қойып отыр. Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасап Bloomberg агенттігі хабарлайды, деп жазады «Нефть и газ Казахстана».

Басылымның мәліметінше, республика үкіметі 10 миллиард АҚШ доллары көлемінде біржолғы төлем алуды, сондай-ақ жобадағы мемлекеттік үлесті қазіргі 20%-дан 35%-ға дейін арттыруды көздеп отыр.

Жоба операторы — «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясымен қолданыстағы келісімшарт мерзімі 2033 жылы аяқталады. Оны ықтимал ұзарту туралы келіссөздер бастапқы кезеңде тұр.

Теңіз кеніші — Қазақстанның ең ірі мұнай-газ активтерінің бірі. Бүгінгі таңда ТШО-ның ең ірі акционері американдық Chevron корпорациясы (50%) болып табылады. Тағы 25%-ы ExxonMobil-ге, 20%-ы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ-на, ал 5%-ы ресейлік «Лукойлға» тиесілі.

Бүгін, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.