Атырау, 27 қараша 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жол жиегіндегі балалық шақ

2 379 просмотра

Киткрай деп аталып кеткен ауқымды массивтегі Нәжімеденов, Пушкин және Северная көшелерінің тұрғындары қалалық әкімдіктің табалдырығын тоздырудан шаршады. Олар бар болғаны өз аудандарында балаларға арналған ойын және спорт алаңдары салынса екен дейді.

Мен осы жерде көп жылдан бері тұрамын. Осы жылдар бойына орын таппай жүрген топ-топ ойын балалары көше бойымен жүгіріп жүреді. Бұрын тыныш болатын, ал қазір бұл жерде көлік қозғалысы өте көп. Балалардың бірі зымырап келе жатқан көілктің астына түсіп қала ма деп қорқамын, - дейді жеке үйлердің бірінің тұрғыны Любовь ШУТОВА.

Біз қалалық әкімдікке сауал жолдадық. Қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢ қолы қойылған жауапта былай деп жазылыпты: «Атырау қаласындағы балаларға арналған 190 ойын алаңы қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің балансында тұр. Сондай-ақ, бөлім балансында 33 спорт алаңы мен 48 шағын футбол алаңдары бар. Жыл сайын осы нысандарды ұстауға бюджеттен 20 млн теңге бөлінеді. Ағымдағы жылы көппәтерлі тұрғын үйлерді балалардың ойын алаңдарымен жарақтау жобасы жоспарда бар. Алайда ақшалай қаржының жоқтығынан бұл жұмыстар басқа мерзімге шегерілді. Сонымен қатар, бүкіл ойын, спорт және футбол алаңдары көппәтерлі үйлердің алаңдарына орнатылған соң, ПИК-тің сенімді басқаруына берілетінін атап өткен жөн. Жеке тұрғын үй массивтерінде қызмет көрсетуші мекемелер жоқ, соған байланысты бұл жұмыстарды жүргізу мүмкін емес».

Ал мұндай алаңдар тек көппәтерлі үйлердің аулаларына ғана емес, Жайық жағасы мен қала тұрғындары демалатын жерлерде де орнатылған. Ендеше жеке сектордың балалары кімнен кем?

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

15 қазан 2014, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.