Атырау, 29 қыркүйек 12:27
 дождьВ Атырау +18.1
$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

Үй кезегіндегі заңсыздық: Степногорскіде тізім қайта қаралып, жауапты маман жазаланды

60 рет қаралды

Степногорск қаласында әлеуметтік осал топтардың баспана кезегін тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталып, дүниеден өтіп кеткендер мен меншігінде үйі бар азаматтар тізімнен шығарылды.

Қала бойынша жеңілдікпен үй алуға 1 095 азамат тіркелген. Алайда прокурорлық тексеру кезінде олардың арасында 2023 жылдан бері қайтыс болған 9 адамның тізімде әлі де тұрғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, 14 тұрғын қаладан көшіп кетіп, кезекте тұру құқығынан айырылса да, тізімнен өшірілмеген. Сондай-ақ өз атында жылжымайтын мүлкі бар азаматтар да мемлекеттік баспана кезегін тосып келген. Қабылданған шаралардан соң бұл тұлғалардың барлығы кезектен шығарылды.

Сонымен қатар шаһарда баспанаға мұқтаждар көп болғанына қарамастан, босаған мемлекеттік пәтердің бірі ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай, бос тұрған. Прокурорлардың араласуымен бұл тұрғын үй енді кезегі келген мұқтаж азаматтар арасында қайта бөлінетін болды.

Тексеру нәтижесінде заңбұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Бүгін, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.