Атырау, 26 қараша 05:58
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстан әуежайларында 2 млн-нан астам жолаушы Эбола безгегіне тексерілді

1 847 просмотра

Қазақстан әуежайларында 2 миллионнан астам жолаушы Эбола безгегіне тексерілді, деп хабарлайды ҚР экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу процессінде 2 миллионан астам адам тексерілді Эбола безгегімен жұқтырған оқиғалары Қазақстанда белгіленген жоқ. Бақылау – кіргізу пункттерінде құрал-жабдықтардың керектісі бар, - деп хабарлады ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарың қорғау Комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішев көшпелі брифингте.

Әлиақпар Мәтішев Қазақстандық әуежайларда халықаралық рейстерді қарсы алатын бригада тәулік бойы кезекте тұратынын атап өтті. Қазақстанға шетелдерден келуші азаматтар  сканерден өтеді.

Адамға жай ғана арнайы аппарат «тепловизор» -дың  қасынан өтсе де болады. Тексерілу азамттарға тез әрі білінбей  өтеді. Эбола безгегіне сәл ғана сезік болған науқасты  осы жерде ауруханаға жатқызады, - деп хабарлады Әлиақпар Мәтішев.

Қазақстан Республикасына Эбола қызбасының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен  ведомстволық бағынысты органдары және, ұйымдары, шекаралық және кедендік қызметтері,  санитариялық-эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар кешенін қабылдауда, барлық мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша ұйымдастыру мәселелері пысықталды.

Батыс Африкада Эбола атқан оқтай таралып жатыр: Либерия, Сьерра-Леоне, Гвинея, Нигерия, Конго және Сенегала. Жұқтыру оқиғалары АҚШ, Испания, Норвегия, Австарлия, және басқада мемлекеттерде тіркелуде.

Эбола қызбасы климаты ылғалды ыстық және осы инфекцияның табиғи резервуарлары мен транзиттік таратушылары – Қазақстан үшін эксзотикалық жануарлар жарғанаттар, маймылдар және басқалары бар нақты бір аумақтарға ғана тән эндемиялық инфекцияларға жатады. Өкінішке орай әлемде препараттар жоқ және де бұл ауруды емдеуді қиындатады, - деп хабарлады журналистерге ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарың қорғау Комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішев.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша  2014 жылғы 5 қазандағы жағдай бойынша Африка елдері халықтарының арасында Эбола қызбасымен сырқаттанудың 8399 жағдайы тіркелген, оның ішінде 4033 өлім-жітіммен аяқталғанын хабарлайды. 

«Қазақстан Республикасының аумағында контагиозды вирусты қызбаның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша іс-шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 18 қаулысы қабылданды, оған сәйкес Қазақстан Республикасына ауруды әкелуді болдырмау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар комитетінің Батыс Африкадағы 2014 жылғы Эболаның өршуіне қатысты төтенше жағдай туралы кеңесінің қорытындылары бойынша мәлімдеме жасады, оған сәйкес Эбола қызбасымен сырқаттану жағдайлары тіркелген мемлекеттер халықаралық әуежайларда, теңіз порттары мен ірі құрлықтағы өткізу пункттерінде барлық адамдардың шығуы кезінде Эбола вирусы тудырған аурумен әлеуетті салыстыруға келетін этиологиясы белгісіз қызба ауруына скрининг жүргізуі тиіс.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 

15 қазан 2014, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.