
30 қыргүйекте Атырау іргесіндегі Алмалы ауылының Жаңақұрылыс көшесінде көгілдір отын беру уақытша тоқтатылады. Шектеу таңғы сағат 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін созылады.
Бұл туралы «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Атырау өндірістік филиалының мамандары хабарлады.
Газдың уақытша өшірілуіне төмен қысымды газ құбырларында жоспарланған жөндеу жұмыстары себеп болып отыр. Атырау өндірістік филиалының мамандары апаттық жағдайлардың алдын алу үшін тұрғындардан бұл аралықта газ құрылғыларының шұмектерін жауып, қауіпсіздік талаптарын сақтауды өтінеді.
Жөндеу аяқталған соң газ беру бұрынғы кесте бойынша қайта қалпына келтіріледі.
В Атырау +18.1