Атырау, 29 қыркүйек 13:22
 дождьВ Атырау +18.1
$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

Каспий-достық теңізі

2 477 рет қаралды

Фото: lada.kzФото: lada.kz7 қазанда Атырауға «Каспий – достық теңізі» автошеруіне қатысушылар келді.

Автошеруге қатысушылар Каспий өңіріндегі барлық бес мемлекетті кесіп өтпек. Бес экипаж (барлығы 11 адам) Астрахан – Атырау – Ақтау – Түркменбашы – Ашхабад – Горган (Иран) – Сари (Иран) – Решт (Иран) – Баку – Дербент – Астрахан маршруты бойынша жолсызбен жүретін көлікпен жүріп өтеді. Жолдың жалпы ұзақтығы 4 800 шақырымды құрайды. Автошерудің мақсаты – Каспий өңірі елдерінің арасындағы экономикалық және мәдени байланысты, сондай-ақ, халықаралық туризмді дамыту. Қатысушылар құрамында Астрахан облысы Думасының депутаттары, кәсіпкерлер, журналистер мен блогерлер бар. Автошеру шеңберінде Каспий маңы елдерінде билік, туристік бизнес, жастар, ғылыми және мәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өтеді.

7 қазанда кешкісін автошеруге қатысушылар «Жайық Ақпарат» баспасөз клубында баспасөз конференциясын өткізді.

– Біз бұл шеруді осыдан бес жыл бұрын Астрахан мерейтойға әзірленген кезде жоспарлаған едік, ол кезде орайы келмей қалды, - деді «Красные баррикады» Кеме жасау-кеме жөндеу зауыты» ААҚ бас директорының орынбасары Виктор НИКОЛАЕВ. – Екінші рет бұл тақырыпқа өткен жылдың аяғында оралдық. Иран мен Түркіменстанға виза, автокөлік үшін арнайы рұқсатты рәсімдеу біраз уақытымызды алды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.