Қос Корея әскерилері 7 жыл ішінде алғаш рет келіссөздерге кірісті
1 456 просмотра
Сеул мен Пхеньян екі елдің шекарасындағы Пханмунджом ауылында жеті жылда алғаш рет жоғары шенді әскерилер деңгейінде келіссөздер жүргізуді бастады, деп хабарлайды Русская планета Yonhap-ке сілтеме жасап.
Солтүстіккорейлік тарап шараның өтетінін жария етпеуді сұрағандықтан, ресми хабарландыру болған жоқ.
Басылым дереккөздері келіссөздерге армия генералдарының қатысып жатқанын мәлімдеп, нақты қандай әскерилер екенін хабарламады.
Келіссөздер Сары теңізде екі елдің патрульдік катерлері арасында болған атыстан кейін басталған. Оған солтүстіккорейлік кеменің теңіз шекарасын кесіп өтуі себеп болған еді.