Атырау, 17 маусым 16:35
 дождьВ Атырау +32.9
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

Әлемде

Савченко: Билік саяси қозғалысымды тіркемей отыр Әлемде

Савченко: Билік саяси қозғалысымды тіркемей отыр

Украиналық бұрынғы ұшқыш Надежда Савченко Украина әділет министрлігі өзінің жаңа саяси қозғалысын тіркеу өтінішін орындамай отырғанын мәлімдеді. Савченко бұл туралы 25 мамыр күні - Ресей түрмесінде екі жыл отырып, тұтқын алмасу келісімі бойынша босатылғаннан тура бір жылдан соң өткізген баспасөз конференциясында айтты. Ол бірнеше күн бұрын польшалық басылымға берген сұхбатында "елі үшін жауапкершілікті мойынға алуға және 2019 жылы өтетін президент сайлауына түсуге әзір" екенін мәлімдеген. 26 мамыр 2017, 11:53 2 282 рет қаралды
АҚШ-тың әскери құпиясын жайып салғаны үшін Трампқа тықыр таянды  Әлемде

АҚШ-тың әскери құпиясын жайып салғаны үшін Трампқа тықыр таянды

Кешегі АҚШ президенті мен Филиппин президенті арасындағы телефонда сөйлесу естелігі жарияланып, АҚШ-тың маңызды әскери құпиялығы әшкереленді деген ақпарат бүгін де әлемдік бақты дүрбелеңге салып отыр. АҚШ-тың жат түгілі жақынына бергісіз құпия мәліметті президент Трамп шай үстіндегі әңгімедей айтып салған. Бұл америкалық БАҚ-ты ашуландырып, шетелдік БАҚ-ты таңқалдырды.  26 мамыр 2017, 10:42 3 392 рет қаралды
Мұнай өндіру көлемін азайту туралы халықаралық келісім мерзімі ұзарды Әлемде

Мұнай өндіру көлемін азайту туралы халықаралық келісім мерзімі ұзарды

ОПЕК-ке мүше елдер мен бұл ұйым қатарында жоқ басқа да мемлекеттер, оның ішінде Ресей әлемдік нарықта мұнай бағасын көтеру үшін тағы тоғыз ай бойы өндіру көлемін азайтуға келісті. Мұндай шешім Венадағы кездесуде қабылданды. Бұған дейін жасалған күндік өндіріс көлемін 1,8 миллион баррельге азайту келісімі келесі жылдың наурызына дейін күшінде қалады. Бұған дейінгі келісім күші 30 маусымға дейін ғана жарамды болған. 26 мамыр 2017, 10:24 2 436 рет қаралды
Ақ үй Трамптың Черногория премьерін итеріп жіберген жағдайды түсіндірді Әлемде

Ақ үй Трамптың Черногория премьерін итеріп жіберген жағдайды түсіндірді

Ақ үйдің ресми өкілі Шон Спайсер НАТО-ның Брюсселдегі штаб-пәтерінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Черногория премьер-министрі Душко Маркович арасында болған жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.  Бейнежазба 26 мамыр 2017, 09:52 2 666 рет қаралды
Сот Мессиді 21 айға түрмеге қамау туралы үкім шығарды  Әлемде

Сот Мессиді 21 айға түрмеге қамау туралы үкім шығарды

Испанияның Жоғарғы соты Аргентина құрамасы мен испаниялық "Барселона" клубының 29 жастағы шабуылшысы Лионель Мессиге айыптау үкімін шығарды. Бұл туралы Football Espana Twitter парақшасы жазды. 25 мамыр 2017, 10:43 2 912 рет қаралды
Жарылыс болған Манчестерде тағы да жарылғыш заттар табылып жатыр Әлемде

Жарылыс болған Манчестерде тағы да жарылғыш заттар табылып жатыр

Манчестер полициясы мен Ұлыбританияның Mi5 Қауіпсіздік қызметіндегілер ел аумағында кейінірек қолданылуы мүмкін болған жарылғыш затты тапты. Сондай-ақ, әскери қызметкерлер бір бомбаны жойды, - деп хабарлайды Lenta.ru The Independent басылымына сілтеме жасап. 25 мамыр 2017, 10:39 3 068 рет қаралды
Трамп бүгін Брюссельде НАТО саммитіне қатысады Әлемде

Трамп бүгін Брюссельде НАТО саммитіне қатысады

АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін Брюссельде НАТО басшылығымен кездеседі. Трамп сайлауалды кампаниясында НАТО-ны "ескірген ұйым" деп сынаған еді. Кездесу НАТО-ның Брюссельде жаңадан салынған, құны миллиард долларға бағаланған штаб-пәтерінде өтеді. 25 мамыр 2017, 10:28 2 016 рет қаралды
Рада украин тілінің қолданыс аясын кеңейтетін заң жобасын мақұлдады Әлемде

Рада украин тілінің қолданыс аясын кеңейтетін заң жобасын мақұлдады

Украина парламенті - Жоғарғы Рада 23 мамырда мемлекеттік телеарналар мен радиоларда украин тіліндегі бағдарламалар мен фильмдердің үлесі 75 пайыздан кем болмауын міндеттейтін заң жобасын мақұлдады. Заң жобасын екінші әрі соңғы оқылымда Жоғарғы Раданың 450 депутатының 269-ы қолдап дауыс берді. Құжат президент Петр Порошенконың қол қоюына жөнелтілді. 24 мамыр 2017, 14:28 2 817 рет қаралды
Ұлыбританияда террористік қауіп-қатердің жоғары деңгейі жарияланды Әлемде

Ұлыбританияда террористік қауіп-қатердің жоғары деңгейі жарияланды

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй елде террористік қауіп-қатер деңгейінің тым жоғары екенін мәлімдеді. 22 мамыр күні кешке жанкешті Манчестердегі концерт ғимаратында жарылыс жасап, 22 адам қаза тапқан. 23 мамыр күні кешке Мэй терактіге күдікті Салман Абедидің ауқымды террористік желінің мүшесі болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, Абеди Ұлыбританияда туып-өскен. 24 мамыр 2017, 09:43 2 050 рет қаралды
Манчестердегі жарылыс жауапкершілігін ДАИШ мойнына алды  Әлемде

Манчестердегі жарылыс жауапкершілігін ДАИШ мойнына алды

22 адамның өмірін қиған Манчестердегі жарылыс жауапкершілігін ДАИШ террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) мойнына алды, деп хабарлайды Росбалт. ТАСС агенттігінің хабарлауынша,  лаңкестердің сәйкес видеосы әлеуметтік желілерде жарияланған. 23 мамыр 2017, 14:56 2 131 рет қаралды
Белоруссия мен Ресей жаңа әуе қорғаныс жүйесін құрмақ Әлемде

Белоруссия мен Ресей жаңа әуе қорғаныс жүйесін құрмақ

"Фарс" агенттігінің хабарлауынша Ресейдің техникалық-әскери серіктестіктерінің федералды қызметінің директоры Дмитрий Шугаев Белоруссиямен зымырандық әуе қорғаныс жүйесін құру ісінің қарастырылып жатқанын, оның бюджетінің ортақ болатынын мәлімдеді. 23 мамыр 2017, 11:05 2 672 рет қаралды
Манчестердегі жарылыстан 19 адамның қаза тапқаны хабарланды Әлемде

Манчестердегі жарылыстан 19 адамның қаза тапқаны хабарланды

Мамырдың 22-сі Ұлыбританияның Манчестер қаласында өткен концертте жарылыс болып, полиция кемінде 19 адамның қаза тапқанын, 50-ге жуық кісінің жараланғанын хабарлады. Британия билігі жарылысты «террорлық акт» деп мәлімдеді. Бейнежазба 23 мамыр 2017, 09:45 2 680 рет қаралды
Ресей тәуелсіз Палестинаның құрылуына көмектеспек  Әлемде

Ресей тәуелсіз Палестинаның құрылуына көмектеспек

Мәскеуде Ресей-Палестина істері арнаулы группасының отырысы болып өтті. Отырыс «Палестина тәуелсіз елін құрудың жолдары мен кедергілері» және «Палестинадағы топтардың бірлігін қалыптастыру» қатарлы тақырыптарды көтерді. Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігі хабарлайды.  22 мамыр 2017, 16:30 2 154 рет қаралды
Түркияда ресейлік ұшқышты өлтірген әскери қызметкер 5 жылға сотталды Әлемде

Түркияда ресейлік ұшқышты өлтірген әскери қызметкер 5 жылға сотталды

Түркияда дала командирі, 2015 жылы ресейлік ұшқыштың өліміне жауапкершілікті мойнына алған Алыпарслан Челик бес жылға сотталды. Түркиялық Hurriet газетінің хабарлауынша, сот Челикті қару-жарақты заңсыз иеленді деген айыппен соттады. 22 мамыр 2017, 16:20 2 750 рет қаралды
Ресей Украинаға қатысты ДСҰ-ға шағым түсірді Әлемде

Ресей Украинаға қатысты ДСҰ-ға шағым түсірді

Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Орешкиннің сөзінше, Украина Дүниежүзілік сауда ұйымының міндеттерін бұзып, халықаралық сауда ережелерін жоққа шығарып отыр. Осы себепті де Ресей Украина тарапынан өздеріне салынып жатқан санкцияларға көп болуына байланысты ДСҰ-ға шағым түсірген. 22 мамыр 2017, 10:48 1 657 рет қаралды
Ердоған Әділет және даму партиясының басшысы болып қайта сайланды Әлемде

Ердоған Әділет және даму партиясының басшысы болып қайта сайланды

Түркияның Әділет және даму партиясының мүшелері президент Режеп Ердоғанды партия басшысы етіп сайлады. Партия басшылығына жалғыз кандидат Ердоған бұл қызметте премьер-министр Бинали Йылдырымның орнын басты.  22 мамыр 2017, 10:45 2 690 рет қаралды