Түркия полициясы Стамбул қаласында лаңкестікке қарсы арнайы операция өткізуде, деп хабарлайды Oxu.Az сайты.
Стамбул полициясның мәліметінше, операция барсында «Күрдстан жұмысшылар партиясы» лаңкестік ұйымына қатысы бар деген күдікпен 12 адам ұсталған. Олардың барлығы Түркия азаматтары. «Күрдстан жұмысшылар партиясы» 2002 жылдан бері халықаралық дәрежеде лаңкестік ұйым деп жарияланған. Оған Германия, Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Әзербайжан, Түркия, Қазақстан сынды мемлекеттерде тыйым салынған.
Дереккөз: qazaqtimes.com