Атырау, 8 қазан 22:31
 дождьВ Атырау +17.6
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Әлемде

AI: Мосул үшін шайқаста гуманитарлық құқық бұзылды Әлемде

AI: Мосул үшін шайқаста гуманитарлық құқық бұзылды

Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымының мәлімдеуінше, Ирак әскері мен оның АҚШ басқаратын коалициядағы одақтастары Мосул қаласы үшін шайқастарда халықаралық гуманитарлық құқықты бұзды. Құқық қорғаушылардың пікірінше, кебір заң бұзушылықтарды "әскери қылмысқа" теңеуге болады. 12 шілде 2017, 11:27 2 077 рет қаралды
Украинада ұсталған ресейлік шекарашылар қамалды Әлемде

Украинада ұсталған ресейлік шекарашылар қамалды

Украинаның Херсон облысында 30 маусымда ұсталған Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (немесе ФСБ) шекарашылары Аскар Кулуба мен Владимир Кузнецов қамауға алынды. Украина қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, олар Украинаның территориялық тұтастығына қол сұқты деген күдікке ілінген. 12 шілде 2017, 11:19 2 571 рет қаралды
АҚШ Мексика арасында қорған салуға 1,6 млрд доллар бөлмек  Әлемде

АҚШ Мексика арасында қорған салуға 1,6 млрд доллар бөлмек

АҚШ Конгресі өкілдерінің палатасы Мексика шекарасында қорған салуға 1,6 млрд доллар бөлуді қарастыратын заң жобасын жариялады, деп хабарлайды РИА Новости Hill газетіне сілтеме жасап. 12 шілде 2017, 10:14 2 995 рет қаралды
Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкция салуды қолдады Әлемде

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкция салуды қолдады

АҚШ президенті әкімшілігі Ресей мен Иранға жаңа санкциялар салуды қолдайды. Бірақ қазір конгресте қаралып жатқан заң жобасы президенттің санкция салуға қатысты құзыретін шектейді деп мәлімдеді Ақ үйдің заңнама мәселелері бойынша өкілі Марк Шорт журналистерге. 11 шілде 2017, 16:24 3 017 рет қаралды
Трамптың ұлы конгреске ресейлік адвокатпен кездескені туралы айтуға әзір Әлемде

Трамптың ұлы конгреске ресейлік адвокатпен кездескені туралы айтуға әзір

АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлы Дональд АҚШ конгресімен Трамптың сайлау кампаниясының Мәскеумен байланысын тексеруге қатысты ынтымақтасуға даяр екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол ықпалды конгресмендер өзінен 2016 жылы президент сайлауы кампаниясында ресейлік адвокат Наталья Весельницкаямен кездескені туралы ақпарат беруді талап еткен соң айтты. 11 шілде 2017, 11:09 2 622 рет қаралды
Қытай Солтүстік Кореямен барлық әскери қарым-қатынасын үзді  Әлемде

Қытай Солтүстік Кореямен барлық әскери қарым-қатынасын үзді

Қытай Солтүстік Кореямен барлық әскери қарым-қатынастарын үзді деп мәлімдеді Қытайдың халықаралық қауіпсіздік орталығының басшысы Чжоу Бо Channel News Asia телеарнасына берген сұхбатында.  11 шілде 2017, 11:05 1 731 рет қаралды
Ресей: Украинада ұсталған Агеев армияда келісім-шартпен қызмет еткен жоқ Әлемде

Ресей: Украинада ұсталған Агеев армияда келісім-шартпен қызмет еткен жоқ

Ресей қорғаныс министрлігі Украинаның Луганск облысында украин әскерилері ұстаған Виктор Агеевтің Ресей қарулы күштерінде келісім-шартпен қызмет еткенін жоққа шығарды. Министрлік Агеев Ресей қарулы күштерінде қызмет еткенін өзі мойындағанына қарамастан оны "жалған" деп атады. 11 шілде 2017, 11:03 2 125 рет қаралды
Бақылаушылар: Сириядағы бітім сақталып тұр Әлемде

Бақылаушылар: Сириядағы бітім сақталып тұр

Сирияда АҚШ пен Ресейдің ара ағайындығымен жасалған бітім күшіне енген алғашқы күні толықтай сақталды деп хабарлады бақылаушылар мен оппозициялық көтерілісшілер. Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымы 9 шілдеде аз ғана оқ ату болғанымен, жалпы алғанда күн тыныш өткенін мәлімдеді. 10 шілде 2017, 12:02 1 939 рет қаралды
АҚШ технологтары батериясыз ұялы телефон жасап шығарды Әлемде

АҚШ технологтары батериясыз ұялы телефон жасап шығарды

АҚШ-тың Уашингтон Университетінің технологтары батериясыз ұялы телефон жасап шықты. Бұл туралы шинхуаның ресми сайты хабарлайды. Жалпыға жаңалық іспетті бұл телефонға батерия қажет емес, ол сымсыз электр толқыны мен сәулелерден қуат алады. 10 шілде 2017, 11:08 2 256 рет қаралды
"Орыс маршын" ұйымдастырушы Юрий Горский Ресейден кетіп қалды Әлемде

"Орыс маршын" ұйымдастырушы Юрий Горский Ресейден кетіп қалды

"Орыс маршын" ұйымдастырушы Юрий Горский Ресейден кетіп қалды. Ол экстремизм ісі бойынша үйқамақта отырғанына қарамастан, Литваға кеткен. Бұл туралы Горскийдің өзі Facebook-те жазды. 10 шілде 2017, 10:35 1 662 рет қаралды
Ирак премьері Мосулдың ИМ тобынан азат етілгенін жариялады Әлемде

Ирак премьері Мосулдың ИМ тобынан азат етілгенін жариялады

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади сегіз айға жалғасқан әскери операция нәтижесінде елдің екінші үлкен қаласы Мосулды "Ислам мемлекеті" экстремистік тобынан азат еткен үкімет әскерін "ұлы жеңіспен" құттықтады. Бұл туралы үкімет жетекшісі кеңсесі бүгін таратқан мәлімдемеде айтылған. 10 шілде 2017, 09:52 1 700 рет қаралды
Путин мен Трамп кездесуінің қорытындысы белгілі болды Әлемде

Путин мен Трамп кездесуінің қорытындысы белгілі болды

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Ресей Президенті Владимир Путиннің арасында өткен кездесудің нәтижелері жөнінде баспасөз конференциясын өткізді.  10 шілде 2017, 09:47 2 868 рет қаралды
Түркия халқы Ердоған үкіметіне қарсы ереуілге шықты Әлемде

Түркия халқы Ердоған үкіметіне қарсы ереуілге шықты

Түркияның Стамбул қаласында ел президенті Режеп Тайып Ердоған үкіметіне қарсы шеру болды деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі. «Әділдік маршы» деп аталатын шеру ел Астанасы Анкарада 15 маусым күні басталып, ереуілге қатысушылар 400 шақырым жаяу жол жүріп Стамбул қаласының орталық алаңына дейін барған. 10 шілде 2017, 09:39 2 956 рет қаралды
АҚШ пен Ресей Сирияның оңтүстік-шығысындағы бітім жайлы хабарлады Әлемде

АҚШ пен Ресей Сирияның оңтүстік-шығысындағы бітім жайлы хабарлады

АҚШ, Иордания және Ресей шілденің 9-нан бастап Сирияның оңтүстік-шығысында қарулы қақтығысқа қатысып жатқан қарсылас тараптар арасында бітімге келу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл туралы ақпаратты Гамбургте өтіп жатқан "Үлкен жиырмалық" саммиті кезінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров растады деп хабарлайды Reuters. 8 шілде 2017, 12:33 2 796 рет қаралды
Мәскеуде Ресей мен Қытай басшылары кездесті Әлемде

Мәскеуде Ресей мен Қытай басшылары кездесті

Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин келіссөз өткізді. 4 шілдеде өткен келіссөз қорытындысы бойынша табиғи ресурстар, энергетика, транспорт, ауыл шаруашылығы, кино өндірісіне қатысты ондаған келісімге қол қойылды. 5 шілде 2017, 11:31 2 960 рет қаралды
Ресей Батыс елдерінен әкелінетін тауарларға азық-түлік эмбаргосын ұзартты  Әлемде

Ресей Батыс елдерінен әкелінетін тауарларға азық-түлік эмбаргосын ұзартты

Ресей Федерациясының Премьер-министрі Дмитрий Медведев Ресейге қарсы санкциялар енгізген АҚШ, Канада, Еуроодақ елдері, Австралия мен Украинадан  азық-түлік және ауыл шаруашылық өнімдерін алуға тыйым салатын құжаттың мерзімін 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ресей Федерациясы Министрлер кабинетінің ресми сайтында жарияланды.  5 шілде 2017, 11:28 2 530 рет қаралды
Трамп еуропалық одақтастарын АҚШ-тан газ сатып алуға шақырмақ Әлемде

Трамп еуропалық одақтастарын АҚШ-тан газ сатып алуға шақырмақ

АҚШ президенті Дональд Трамп 6 шілдеде Польшаға жасайтын сапарында Ресейдің энергия ресурстарына тәуелді болып қалудан қауіптенетін Шығыс Еуропа елдерін АҚШ-тан Еуропаға табиғи газ жеткізудің жаңа мүмкіндіктерін пайдалануға шақырмақ деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі. 4 шілде 2017, 12:01 1 982 рет қаралды