Атырау, 20 мамыр 06:20
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Трамптың ұлы конгреске ресейлік адвокатпен кездескені туралы айтуға әзір

2 340 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлы Дональд (суретте) АҚШ конгресімен Трамптың сайлау кампаниясының Мәскеумен байланысын тексеруге қатысты ынтымақтасуға даяр екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол ықпалды конгресмендер өзінен 2016 жылы президент сайлауы кампаниясында ресейлік адвокат Наталья Весельницкаямен кездескені туралы ақпарат беруді талап еткен соң айтты.

"Өзім білетін ақпаратты беру үшін комитетпен бірге қуана жұмыс істеймін" деді кіші Дональд Трамп Twitter-де. Сенатор Сьюзан Коллинз кеше сенаттың барлау жөніндегі комитетін Трамптың ұлын және Трамп штабының ресейлік адвокатпен кездесуіне қатысқан басқа да адамдарды тергеуге шақырған.

Комитет Трамптың ұлынан және кездесуге қатысқан басқаларынан да жауап алатынын мәлімдеген. New York Times басылымының хабарлауынша, сайлауалды кампаниясында Трамптың ұлы ресейлік адвокат Наталья Весельницкаямен кездескен, адвокат оған Хиллари Клинтонға қатысты компромат берген.

Дереккөз: Азаттық

11 шілде 2017, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.