Атырау, 20 мамыр 03:04
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

2024-2028 жылдары Олимпиада ойындары қай қалада өтетіндігі анықталды

2 129 просмотра


Халықаралық Олимпиада комитеті 2024-2028 жылдары Олимпиада ойындарын қабылдайтын қалаларды анықтады. 

Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімі бойынша 2024 және 2028 жылдары жазғы Олимпиада ойындарын Франция астанасы Париж бен АҚШ-тың Лос-Анджелес қалалары өткізетін болды. Бірақ әзірге қай қала, қай жылы өткізетіндігі белгісіз. Нақты жауап қыркүйек айының 13-і күні Халықаралық Олимпиада комитетінің 131 отырысында айтылатын болады.

Бұған дейін екі қала да Олимпиада ойындарын екі мәртеден қабылдаған. Париж 1900 және 1920 жылдары Олимпиада ойындарын өткізсе, Лос-Анджелес 1932 және 1984 жылдары әлем мықтыларын қабылдаған болатын. 

2024-2028 жылдары Олимпиада ойындарын өткізуге Париж бен Лос-Анджелестен басқа Гамбург, Будапешт және Рим сынды қалаларда қатысқан. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

12 шілде 2017, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.