Атырау, 28 қараша 09:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Украинада ұсталған ресейлік шекарашылар қамалды

2 364 просмотра

Көрнекі сурет
Украинаның Херсон облысында 30 маусымда ұсталған Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (немесе ФСБ) шекарашылары Аскар Кулуба мен Владимир Кузнецов қамауға алынды. Украина қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, олар Украинаның территориялық тұтастығына қол сұқты деген күдікке ілінген.

30 маусымда Украина мемлекеттік шекара қызметінің басшысы Виктор Назаренко "жаттығу кезінде шекара бұзушының рөлін ойнап, бірақ адасып кеткен" ресейлік екі шекарашының ұсталғанын хабарлаған.

Украина билігі бұған дейін де ел аумағына "кездейсоқ еніп кеттік" деген бірнеше ресейлік азаматты ұстаған. Киев пен Батыс елдері Ресейді Донбастағы сепаратистерді қару-жарақ және әскермен қамтамасыз етіп отыр деп айыптайды. Мәскеу қақтығысқа қатысы барын жоққа шығарады.

Дереккөз: Азаттық

12 шілде 2017, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.