G20 ("Үлкен жиырмалық") саммиті өтіп жатқан (7-8 шілде) Гамбургте жаһандануға қарсылар наразылық акциясына шықты.
Жиналғандар полицейлерге шабуылдап, көліктер мен дүкен терезелерін шағып, Молотов коктейлін лақтырып, көшеге от қоюда. Әлем елдері көшбасшыларының қауіпсіздігі үшін қалаға 20 мың полицей тартылды.
БАҚ мәліметі бойынша, наразылық танытушылар Владимир Путин, Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Ин Австралия премьері Малкольм Тернбулл барған қонақүйдің күзетшілеріне шабуылдаған. АҚШ-тың бірінші ханшайымы Мелания Трамп та ресми шараға кешіккен. Өйткені қауіпсіздік қызметі қонақүйден шықпауға кеңес берген екен.
Дереккөз: Тengrinews.kz