Санкция Солтүстік Корея мен Ресейді қамтыған жаңа бұғаттауды жүзеге асырғалы отыр. Осыған дейін «келсең кел» -ге салып келген Кремль жағы дүйсенбі күні қарсы реакциясын білдірді. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлайды.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жаңа санкция туралы пікірінде: «Кремль бұл заңды орынсыз санайды. Ресейге қарсы заң жобасында тіпті АҚШ президентіне де санкцияны жоюға құқық бермеген», – деді.
Санкция жобасы ресми мәлім болғаннан кейін Ресей жақ бұл заң жобасын терістеп шықты. Тіпті бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасқа кесірін тигізеді деп ашық айтты. Бұнысы алдағы уақытта Ресейдің АҚШ-пен болған қарым-қатынасына тіпті де салқындық тудыратынын білдіреді. Ресейдің ірі компанияларының бірі «Газром»-ның Балтық теңізі жағалауынан Еуропаға газ жеткізуші «North Streem» газ құбыры жобасы да АҚШ-тың бұл реткі жаңа санкция жобасының қарауылына ілініп отыр.
Демек, АҚШ жаңа санкциясы Ресеймен қоса Германияны қамтыған бір қатар Еуропа елдеріне де әсер ететіні анық. Ең қызығы бұл заң жобасы АҚШ президенті Дональд Трамптың президенттік өкілеттілігіне де белгілі дәрежеде шектеулер қойып отыр. Яғни, Ресейге бағытталған санкцияны президент Трамп тоқтата алмайтын болып бекітілген.
Дереккөз: qazaqtimes.com