Атырау, 28 қараша 11:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сауд Арабиясындағы таққа талас өршіп барады

2 342 просмотра


Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдул-Азиз Аль Саудт, ұлы Мұхаммад бен Салманның мүддесі үшін қыркүйек айында тақтан кетуі мүмкін – деп хабарлады "Фарс" ақпараттық агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап. 

Сауд Арабиясы королінің аппаратындағы бір куәгерге сілтеме жасалған хабарламада Малек Салманның осы айда билікті ұлына беретіні туралы айтылған. 

Осыдан бір ай бұрын Сауд Арабиясының королі бұйрық шығарып, негізгі тақ мұрагері Мұхаммад бен Наифты орнынан алып тастап, өз ұлы Мұхаммад бен Салманды жаңа тақ мұрагері және өзінің орынбасары ретінде тағайындаған болатын. Өзіне жасалған қысымның салдарынан тақ мұрагері болудан бас тартуға мәжбүр болған Мұхаммад бен Наиф қазір үй қамауына алынған. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


21 шілде 2017, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.