ЕО пен Ұлыбританияның Беркзит бойынша келіссөздің алғашқы кезеңі нәтиже берген жоқ. Тараптар Брекзиттен кейінгі азаматтардың құқықтары және ресми Лондонның ЕО құрамынан шыққаны төлейтін компенсация мәселесі бойынша келісе алмады. Бұл туралы екі тараптың кездесуінен кейін өткен баспасөз мәслихатында ЕО делегациясының жетекшісі Мишель Барнье мәлімдеді.
Келесі келіссөз тамыздың соңына белгінген. Бұл отырыста Брекзиттен кейінгі ЕО пен Ұлыбритания азаматтарының құқықтары мен компенсация қайта талқыланады. Британия Брекзиттен кейін ЕО елдерімен еркін сауда келісімін сақтап қалғысы келеді. Бірақ ЕО елдері Лондонның бұл талабымен келіспей, бастапқы екі мәселені шешіп алуды сұрайды.
Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығу мәселесі 19 маусымнан бері талқыланып жатыр. Брекзит процестер 2018 жылдың соңына дейін созылады деп жоспарланған.
Дереккөз: Азаттық