Режеп Тайып Ердоған барша мұсылман жұртына үндеу тастады. Түркия Президенті барша мұсылманды әл-Ақсаға (Масжид әл-Ақса) зиярат етуге шақырды.
Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлайды. Ол Әділет және даму партиясының Ұлттық Мәжілісіндегі сөйлеген сөзінде «Бұл жерден барша мұсылманға үндеу тастаймын. Қасиетті мекенге зиярат жасасын, егер бара алмаса онда жәрдем жіберсін» деген.
Сонымен қатар Ердоған Израиль әскерлерінің мұсылмандардың қасиетті мекені әл-Ақса мешітін аяқ асты ету себебінен бұл күнде Иерусалимнің мұсылмандарға ортақ орын ретінде қаралмай қалғанына налып «Барша мұсылман болып осы қасиетті Иерусалимге ие болайық» дегенді айтқан.
Қазіргі мақсат Әл-Ақсаны мұсылмандардың қолына алуы екенін айтқан Ердоған, бұл күнде әл-Ақсаның төрт бұрышында палестиналық қайсар мұсылмандар мен басқа да мұсылман қауымның басым тұрғанына сенімін білдірді.
Дереккөз: qazaqtimes.com