Атырау, 28 қараша 11:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Кабулда жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, 12 адам көз жұмды

2 189 просмотра


Ауғанстан астанасы Кабулдың батыс бөлігінде жанкешті өзін-өзі жарып жіберді. Теракті салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тауып, тағы 10-ы жарақат алды, деп хабарлайды Reuters елдің ішкі істер министрлігі өкіліне сілтеме жасап. 

Оқиға Ауғанстан үкіметі басшысының орынбасары Мохаммад Мохакиктің (Mohammad Mohaqiq) үйіне жақын жерде, шейіттер көп қоныстанған ауданда болған. Полиция лаңкестің не себепті шабуыл жасағанын полиция нақты айта алмай отыр. Әзірге бірде-бір ұйым болған оқиғаға қатысты жауапкершілікті мойнына алған жоқ. 

Айта кетейік, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 1662 бейбіт тұрғын террористердің құрбанына айналды. 

Дереккөз: ҚазАқпарат


24 шілде 2017, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.