14 шілде күні 3 Израиль полиция қызметкері әл-Ақса мешітінің маңында яғни Иерусалим көне қорғаны аумағында шабуылға ұшырап, оның екеуі қаза тапты. Оқиғадан кейін Израиль тарабы әл-Ақса мешітін қатаң бақылауға алып, мұсылмандардың онда барып құлшылық етуіне қатаң шектеу қойды. 16 шілде күні Израиль полиция бөлімдері әл-Ақса мешітін ашып берді, алайда, оған кіру үшін мұсылмандар қатаң қауіпсіздік тексеруінен өтетін болды. 20 шілде күні кеште Иерусалимдегі Ескі қала қорғаны аумағындағы Арыстан қақпасы сыртында Палестина бұқаралары мен Израиль қарулы күштері арасында қақтығыс болды. Нәтижесінде – кем дегенде 42 палестиналық қаза тауып, 5 Израиль полициясы жарақат алды. 21 шілде күні палестиналықтар көптеген жерде «ашу-ыза жұмалығы» деп аталатын наразылық шеруін өткізді. Мұның соңы тағы да Израиль полицияларымен арадағы қақтығысқа ұласты. Кем дегенде үш палестиналық қаза тауып, 450 адам түрлі жарақат алды. Жарты ғасырдан бері Израиль-Палестина трагедиясы толассыз жалғасып келеді. Алайда, соғыс пен қақтығыстар арқылы бейбітшілік пен тыныштықты күштеп орнатуға болмайтынын, керісінше қайшылықтар мен өшпес жаулықты ғана тереңдете түсетінін тарих тағы бір мәрте дәлелдеп өтті.
Дереккөз: qazaqtimes.com