Атырау, 28 қараша 11:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ердоған екі сағатта ел үкіметін адам танымастай етіп өзгертті

2 600 просмотра


Түркияда ел президенті Режеп Тайып Ердоған мен премьер-министр Бинали Йылдырымның жабық есік жағдайында өткен екі сағаттық кездесуінен кейін, Түркия үкіментінің министрлер кабинеті толықтай өзгертілді. 

Бүгін Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым ел үкіметіндегі ауыс-түйістерді халық назарына ұсынды. Онда жеті министрдің орыны ауысып, жаңадан алты министр қызметке алынған. Ердоған мен Йылдырымның екі сағатта ел үкіметін адам танымастай етіп өзгертуінің сыры не де екендігі әзірге белгісіз. 

Бірақ шет елдік сарапшылардың болжамы бойынша, бұл Ердоған билігін күшейту үшін жасалып жатқан қадамдар болуы мүмкін. Өйткені былтырғы бүліктен кейін Ердоған Түркияда "Гүленшілер" деген желеумен мыңдаған адамды тұтқындап, саяси аренадағы қарсыластарын тазарту операциясын бастап кеткен болатын.

Дереккөз: qazaqtimes.com


20 шілде 2017, 13:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.