Ашхабат орталығында орналасқан Түркіменстанның бұрынғы басшысы Сапармұрат Ниязовтың ескерткіші алынып тасталды.
2000 жылдары Ашхабат орталығында салынған Ниязов ескерткішінің алынып тасталуы жайында әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасалмаған. Бұған дейін 2011 жылы Ашхабат қаласының орталық алаңында орналасқан Сапармұрат Ниязовтың алтын жалатылған ескерткіші басқа жеге көшірілген еді.
Ресми ақпараттарға сүйенсек, сол уақытта ескерткішті бұзуға 50 миллион доллар қаржы кеткен.
1985-2006 жылдары аралығында ел басқарған Сапармұрат Ниязовтың (Түркіменбасының) тірі кезінде оған Түркіменстан бойынша 100-ге жуық ескерткіш орнатылған. Бұл жағдай біздің елге де таңсық емес. Бізде айналасы 26 жылдың ішінде президетке арнап 10-ға жуық ескерткіш орнатып, тастан тұлға салуға машықтанып алғанбыз.
Дереккөз: qazaqtimes.com