Атырау, 28 қараша 11:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қытай-Үндістан шекаралық дауы ушығып тұр

2 609 просмотра

Шекарадағы Қытай және Үндістан әскерлері. Фото: South China Morning Post
Қытай мен Үндістан арасындағы кірбеңдік ушығып тұр. Бұның басты себебі, екі елдің өңірдегі мүдде қайшылығының теке-тіреске түсуі. Үндістан мен Қытай арасында екіжақты келісімге қол жеткізе алмаған шекара сызығы да бір шама көп. Сондықтан да екі ел арасында шекаралық дау-дамай жиі туып келеді.

Қытайдың Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азиядағы ықпал көлемінің артуы да Үндістан мен Қытай арасына жаңа қайшылықтар алып келді. 24 шілде күні Қытай Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемешісі У Шиен арнаулы баспасөз конференциясында: «Алдағы уақытта Қытай жақ Үнді-Қытай шекарасындағы әскери оқу-жаттығуларын күшейтеді», – деп мәлімдеді. 

Оның айтуынша бұндай әскери оқу-жаттығулар  Қытай егемендігі мен территория тұтастығын қорғау үшін керек болып отыр екен. South China Morning Post  сайтының жазуынша, аталған конференцияда У Шиен: «Үндістанның шекара аумағындағы жасап отырған әрекеттері шектен шығуда. Біз оларға құр қиялға салынбауды қатаң ескертеміз. Газ жеткізуді немесе өзге де сылтауларды алға тартып бір тауды тесу қиын емес, алайда Қытай Азаттық армиясын жеңу қиын», – деген.

Ол тағы бір сөзінде: «Үндістан үкіметі байсалды қадамдар жасап, жасалған қателіктерінен уақытында бас тартуы керек. Екі ел арасында қауіпсіздікті қорғау үшін провокацияларды тоқтатуы тиіс», – деген ескертуін жасады. Осыған дейін де Қытай Қорғаныс министрлігі Үндістан қарулы күштерін шекара ішіне қарай шегіндіруін талай мәрте ескерткен болатын. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


25 шілде 2017, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.