Солтүстік Корея кезекті зымыран сынағына дайындалып жатыр, деп хабарлайды CNN телеарнасы АҚШ барлау қызметіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Бірақ CNN арнасы таратқан ақпаратта Солтүстік Кореяның бұл жолы қандай зымыранын сынақтан өткізетіні жайында айтылмаған.
Бұған дейін КХДР шілденің 4-і күні «Хвасон-14» баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген болатын. Ол 2802 шақырым биіктікке көтерліп, 933 шақырымды 39 минутта ұшып өтіп, Жапон теңізіне барып құлаған еді. Бірақ сынақтан кейін Ресей әскерилері «Хвасон-14» зымыраны Пхеньян хабарлаған ұзақтықтан екі есе қысқа қашықтыққа ұшқанын мәлімдеген болатын.
Дереккөз: qazaqtimes.com