Сауд Арабиясы билігі жергілікті модель Хулудты қысқа юбка кигені үшін тұтқындады. Модельдің Ушайкир қаласында қысқа-юбка және жартылай ашық жейде кейіп жүрген видеосы интернетте жарияланған.
Осыдан кейін твиттерде интернет қолданушылар "модель Хулуд сотқа тартылсын" деген сарындағы хэштегпен жазбалар жариялады. Ал елдегі шариғат сақталуын қадағалайтын мемлекеттік комитет полицияға шағымданып, Хулудты жазалауды сұраған. Полиция модельді "ерсі қылығы" үшін тұтқындаған. Ол айыппұл төлеп, түрмеге қамалуы мүмкін.
Халықаралық Human Rights Watch ұйымы модельдің тұтқындалуын "адамды алалау" деп санайды. Сауд Арабияда әйелдер денесін толық жауып тұратын киім киюі міндетті. Бұл елде әйел адамдарға көлік жүргізуге тыйым салынған.
Дереккөз: Азаттық