Атырау, 25 қаңтар 22:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Түркия Ирактың Мосул және өзге де қалаларын өз қарамағына алғысы келеді

2 452 рет қаралды


Түркия Ирактың Мосул және өзге де қалаларын өз иелігіне алғысы келеді. Бірақ Анкараның бұл ойы тек арман ғана – деп мәлімдеді Ирак вице-президенті Нури әл-Малики. 

«Мен Иракқа Түркия перзиденті Режеп Тайып Ердоған келгенде айтқанмын. Түркияның Ирактағы елшісі бізді Осман империясының боданы ретінде көреді - деп. Осы әңгімеден кейін олар Бағдадтағы елшілерін ауыстырды. Бірақ ол да алдыңғы елшідей Иракқа Осман империясының көзқарасымен қарайды. Қазіргі таңда Түркия билігі Мосул қаласын өз қарамақтарына алу үшін барын салуда» - деді Әл-Малики РИА новости агенттігіні берген сұхбатында. 

Ирак пен Түркия қарым-қатынасы 2015 жылы Анкара Бағдадтың келісімінсіз Ирактың Найнава провинциясына қарасты Башика ауданына әскерін кіргізгеннен кейін бұзылған еді. Бұған дейін Мосул қаласы «Ислам мемлекеті» содырларынан азат етілгеннен кейін Ирак премьер-министрі Түркияға ел аумағынан әскерін алып кетуді сұраған болатын. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

21 шілде 2017, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.