Атырау, 23 желтоқсан 08:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Мәртебе міндеттейді

– №16 мектеп лицей мәртебесін алды. Оқушыларды оқу орнының логотипі бар бірыңғай мектеп формасын тіктіруге міндеттеді. 11-сынып оқушыларына арналған жиынтық 9 мың теңге тұрады. Түлектерге бар болғаны бірнеше ай оқу қалды. Оларға мектеп бітіретіндіктен жаңа мектеп формасына тапсырыс бермеуіне бола ма? 6 қараша 2014, 00:00 1 954 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үлкен үзілістер

– Білім және ғылым министрлігінің үлкен үзіліс енгізу жөніндегі бұйрығы бойынша көптеген мектептер таңертеңгі сағат 8.30-да басталатын сабақ уақытын сағат 8-ге ауыстырды. Содан кейін ата-аналардың шағымдары бойынша кейбір мектептердің әкімшілігі бұрынғы кестеге қайта оралды. Осы бұйрықты орындау міндетті ме? 6 қараша 2014, 00:00 2 003 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Лицейдің қандай айырмашылығы бар?

– Жақында біз жанында №16 мектеп орналасқан үйге көшіп бардық. Ұлымызды осы мектепке ауыстырғымыз келген. Бірақ бізге №16 мектептің лицей екенін, ол жерге емтихансыз қабылданбайтынын айтып, бас тартты. №31 және №20 мектепке қатысты да осындай жағдай. Осы гимназиялар мен лицейлердің қарапайым мектептерден айырмашылығын түсіне алмаймын. Оларға бұл мәртебені кім береді? Гимназиялар мен лицейлерге қандай талаптар қойылады? Менің пікірімше, еш айырмашылық жоқ. Жұмыс істейтін де сол мұғалімдер, сабақтар да бірдей оқулықтармен оқытылады. 6 қараша 2014, 00:00 8 753 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Артық анықтама

– Компаниямыздың қызметкерлері балаларын мектепке беру үшін құжаттар жинаған кезде басқа құжаттармен қатар оларға жұмыс орнынан тек қызметтік лауазымы мен жұмыс өтілін ғана емес, жалақысы туралы анықтама беруді сұрайды. Біз осындай мағлұматтардың банктер үшін немесе виза алу кезінде орынды екеніне үйренгенбіз. Бірақ оқушылардың ата-аналарының жалақысы туралы ақпарат мектеп басшылығына не үшін қажет? Осы талап заңды ма? 6 қараша 2014, 00:00 2 293 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Баспана бабы

- «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкіне» 18 жастан бастап салымшы болып, тұрғын үй кезегіне тұруға бола ма? Егер мұндай бағдарлама болса, оның талаптары қандай? Қандай құжаттар жинау керек? Оларды қайда тапсыру керек? 30 қазан 2014, 00:00 5 253 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жылуға жете алмай отырмыз

– Мен Абай көшесінің бойындағы №17 үйде бірінші қабатта тұрамын. 7 қазанда бізге жылу берді, ал біздің жылу құбыры тіреушеміздің бойындағы батареялар әлі салқын. Өйткені, 5-қабаттағы көршіміз жөндеу жұмыстарын жасап, оны аяқтамайынша, тіреушені ашпайтындығын айтып ескерткен еді. Енді оны таба алмай отырмыз. ПИК-ке, учаскелік инспекторға шағымдандық, қалалық әкімдіктің диспетчерлік бөліміне де қоңырау шалдық. Не істейміз, көмектессеңіздер екен? 30 қазан 2014, 00:00 2 098 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кезегіне сәйкес

– Мен ІІ топ мүгедегімін. Әзер қозғаламын, өзім ауданда тұрамын. Бір жыл болды, әкімнің қабылдауына кіре алмай келемін. Газетте көрсетілген облыс әкімінің қабылдауына жазып алатын телефон нөміріне қоңырау соғамын, бірақ бұл мүмкін болмады. Биылғы жылдың 25 шілдесінде әрең дегенде (облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары арқылы) қоңырауым жетіп, жазылдым. Бүкіл байланыс дерегімді қалдырдым. Бірақ маған ақыры ешкім хабарласқан жоқ. Әкімдіктің осыған жауапты мамандары неліктен өз міндеттемелерін орындауға салдыр-салақ қарайды? Мен секілді мүмкіндігі шектеулі жандар әкіммен қалай кездесе алады? 30 қазан 2014, 00:00 2 087 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Еңбек өтілі жоғала ма?

- Мен сауда компаниясында 8 жыл жұмыс жасадым (2004 жылдан бастап) – сауда өкілі болып орналасып, кейін супервайзерлікке дейін көтерілдім. 2012 жылы декреттік демалысқа шықтым, 2014 жылдың мамыр айында жұмысқа қайта шықтым. 3 ай жұмыс жасаған соң өз еркіммен жұмыстан шығып кеттім. Енді еңбек кітапшамды толтырайын деп едім, бірақ компаниядағылар кітапшаға тек 2010 жылдан бері жұмыс жасады деп жазатындарын айтады. Себебі, 2010 жылы компания атауын өзгертіп еді. Кадр бөліміне 2012 жылы жаңа қызметкер келген, ол өздерінде тек 2010 жылдан бергі мәліметтердің сақталғанын айтады. Атауы өзгергенге дейінгі құжаттар, бұйрықтар, т.б. қағаздар жоқ. Енді не істеймін? Кімге, қайда барамын? 30 қазан 2014, 00:00 2 641 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Түбіртек неге бермейді?

– Офтальмологиялық ауруханада анағұрлым қымбат операцияны жасауға мәжбүрледі, бірақ түбіртегін берген жоқ. Катарактаны тігісті сылу және катарактаны лазермен сылып тастау қанша тұратынын білгім келеді және неліктен түбіртек бермейді? 23 қазан 2014, 00:00 2 264 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қоршау ішіндегі спорт

– Өткен жылы педагогикалық колледж жанына тренажерлар орнатылды. Оны оқу орнының студенттері де, жақын маңдағы Азаттық даңғылы бойындағы №134, №136, №138 үйлердің тұрғындары да пайдаланатын. Таяуда колледж әкімшілігі осы тренажерларды қоршап тастады. Енді оқу орнының қарауылы бізге тренажерларда жаттығуға рұқсат бермейтін болды. Тренажерлардың колледжге ме, әлде қалаға ма, кімге тиесілі екенін анықтауға көмектессеңіздер екен. 23 қазан 2014, 00:00 2 177 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ескі шот бойынша

- «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінен» хат алдым, менің банкте есеп-шотым бар екен. Мен бұл шотты 2008 жылы ашқанмын, бірақ оған ақша салуға жағдайым болмады да, бос шот болған соң жабылып қалған шығар деп ойлағанмын. Енді ол шотпен не істей аламын? 16 қазан 2014, 00:00 2 159 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Татуласу тоқтатылды

– Қаламызда өліммен аяқталған бірнеше атышулы жол-көлік оқиғасы орын алды. Қылмыстық істер қозғалды, куәгерлер бар, бірақ кісі өліміне кінәлі адамдарды «тараптардың ымыраласқаны үшін» деген   тұжырымдамамен бостандыққа жіберіп қояды. Олар қандай заң нормаларына сәйкес жазадан құтылып отыр? 16 қазан 2014, 00:00 1 860 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Түтінмен тыныстап отырмыз

– Біздің отбасымыз Ескі әуежай маңында тұрады. Аптасына 2-3 рет қоқыс орны жақтан ащы түтін келеді. Сәбиіміз осы улы түтінмен дем алса болды, жөтеліп, алқына бастайды. Анамның түн болса, басы ауырып, лоқсиды. Сәбиімнің жөтелден булыққанына төзе алмаймын. Бірақ, өкінішке орай, оған көмектесуге дәрменсізбін. Біздің басқа қалаға кетіп қалуға мүмкіндігіміз жоқ. Бізді улауды қашан доғарар екен? 9 қазан 2014, 00:00 1 909 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ауылдар тазалықты талап етеді

– Қала маңындағы поселкелерге, мәселен, Дамбы селосы мен басқаларына қоқыс контейнерлері қашан орнатылатынын айтсаңыздар екен. Орнатылады деп уәде бергендеріне көп болды, әзірге өзгерген ештеңе жоқ. Тұрғындар қоқысты көліктерімен қалаға тасудан шаршады. Өйткені, қоқыс шығаратын көліктер ауылға аптасына тек бір рет келеді. 9 қазан 2014, 00:00 2 097 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қысым себеп емес

– Мен шағын компанияға басшылық етемін. Жеке емханада өткізілген медициналық тексеру барысында үш қызметкеріміздің (екі жүргізуші мен тазалаушы) жоғарғы артериалдық қысымы бар екені анықталды. Осыған байланысты кадрлар бөлімінен бұл қызметкерлердің мекенжай  бойынша емханадан анықтама алып келуге тиіс екендігі, ал егер бұл анықтамалар болмаса, қызметкерлерді жұмыстан шығару керектігі туралы хабарлама алдым. Кадрлар бөлімінің талаптары заңды ма? 2 қазан 2014, 00:00 2 330 рет қаралды
Сұрақ-жауап

«Жария ету» операциясы

– Мүлікті жария ету барысында пәтердегі қайта жобалауды заңдастыруға бола ма? Пәтерімізді қайта жобалап қойдық, ал құжаттарымыз жоқ. Жалпы пәтерді заңдастырған жөн бе? – Банктердегі депозиттерді заңдастыру керек пе? 25 қыркүйек 2014, 00:00 2 350 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Дресс-код бойынша сап түзе!

–Мен ірі кәсіпорында жұмыс істеймін. Басшылық қызметкерлерден дресс-код сақтауды талап етеді. Яғни, ер адамдар футболка мен джинсы шалбардың орнына классикалық шалбар мен жейде, ал әйелдер – кеңсе киімін киюі керек. Цех жұмысшылары өздеріне берілетін арнайы киіммен жүруге тиіс. Мұндай талаптар әдетте қандай құжатта жазылған? 25 қыркүйек 2014, 00:00 2 516 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сақтандыру медицинасы

– Жеке стоматологиялық емханалардың бірінде ауру тісімнің орнына сау тісімді жұлып тастады. Менің наразылығыма дәрігер қайда шағымдансаң да өзің біл деді, ал емхана меңгерушісі менен қашқақтап жүр. Өз құқығымды қорғау үшін қайда жүгінуге болады? 25 қыркүйек 2014, 00:00 2 400 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қоқысқа толған үй

– СМП-163 ауданындағы Бөкейханов көшесінде бомждар мен егеуқұйрықтар үшін панажайға арналған иесіз үй бар. Бірнеше жыл ішінде бұл орынжайдан әлсін-әлі өрт шығып, қоқыс орнына айналды. Ұйтқыған жел айналаға қоқысты, мүңкіген иісті таратып, шыбындар мен қаңғыбас мақұлықтарды жинайды. Бұл қоқысты тазарту үшін қайда хабарласқан жөн? 25 қыркүйек 2014, 00:00 2 211 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Азаматтық мәселе

– Ұлым мен келінім АҚШ-та үш жыл оқыды. Өткен жылы ұлдары дүниеге келді. АҚШ заңы бойынша ол автоматты түрде сол елдің азаматтығын алды. Биыл шілдеде ұлым отбасымен үйге оралған еді. Ол мекен-жайға тіркелу үшін ХҚКО-ға барғанда ондағылар көші-қон полициясына сілтеген. Ал, көші-қон полициясындағылар тек таяу шетелден келгендерді ғана тіркейтінін, алыс шетелмен облыстық ІІД айналысатындығын айтқан. Облыстық ІІД-дегілер баланы 16 жасқа толғанша, оның өздігімен азаматтығын таңдау құқығы басталғанша тіркей алмайтындықтарын айтқан... 18 қыркүйек 2014, 00:00 3 316 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Пластиктен алынатын ақша

– Шетелге демалуға бармақпын. Өзіммен бірге қолма-қол ақшаны көбірек алғым келмей тұр, бірақ ақшаға мұқтаж болып қалғым да келмейді. Кез келген елде проблема болмас үшін өзіммен бірге қандай кәртішкені алған жөн? 11 қыркүйек 2014, 00:00 2 121 рет қаралды
Сұрақ-жауап

ЖИН жыры

– Үш жыл бұрын бала асырап алып, оған жаңа аты-жөнін беріп, туған күнін өзгерткен едім. Туу туралы жаңа куәлік алған кезде онда ескі туған күн бойынша ЖИН жазылған болып шықты. Құжатта туған күн бойынша айырмашылықтар болғанын қаламаймын. Мен сәбидің алдыңғы, шынайы туған күні бойынша туу туралы жаңа куәлікті рәсімдей аламын ба? 11 қыркүйек 2014, 00:00 1 951 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ереже бойынша ажырасу

– Атырауда ажырасқаннан кейін өзімнің туған қалам – Қостанайға оралдым. Ажырасқан соң фамилиямды өзгертпей, бұрынғы күйеуімнің фамилиясын қалдырдым. Ажырасу туралы куәлікті алмаған едім. Біраз уақыт өткен соң екінші мәрте тұрмысқа шықтым. Сол кезде некені тіркеу кезінде ажырасу туралы куәлік қажет болды, ал ол менде жоқ еді. Біздің АХАЖ-дың қызметкерлері Атырау АХАЖ-ына сұраныс жасап, менің және бұрынғы жұбайым екеуміздің арамызда неке бұзылғандығы жөнінде актілік жазба бар екендігі туралы анықтаманы алды. Осы анықтаманың негізінде менің екінші күйеуіммен некем кедергісіз тіркелді. Тұрмысқа шыққанда күйеуімнің фамилиясын алдым. Енді маған бірінші некемнің бұзылғандығы туралы куәлік қажет болып отыр. Бірақ мен қазір оны ала алмаймын, өйткені, менің фамилиям басқа. Не істеймін? 11 қыркүйек 2014, 00:00 2 683 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ардагерлерге - кепілдіктер

– Менің бауырым, ауған соғысының ардагері, ірі компанияда жұмыс жасайды. Есеп бөлімі одан табыс салығын ұстап, еңбекке жарамсыздық бетшесін төмендетілген тариф бойынша – жалақының 20 пайызын төлейді. Басқа ауған ардагерлері өздерінің салықтан босатылғанын және оларға еңбекке жарамсыздық бетшесін толықтай төлейтіндігін растап отыр. 4 қыркүйек 2014, 00:00 3 080 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тәлім ақша жинаудан басталады

– Балам Авангардтағы №19 мемлекеттік «Шұғыла» балабақшасына барады. Жақын арада бізге балаларды оқытуға арналған кітаптарға 6 мың теңгеден жинайтындығын айтты. Тәрбиешілер кітап болмаса, балаларға ештеңе үйрете алмайтындығын ескертті. Неліктен біз кітапқа ақша жинауға тиістіміз? Бізге қуыршақ театрына үнемі ақша жинаудың өзі жетіп жатыр. 4 қыркүйек 2014, 00:00 1 903 рет қаралды