Атырау, 27 желтоқсан 15:37
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Спортшыларды ренжітпейді

1 945 просмотра

– Паралимпиадада жеңіске жеткен жағдайда спортшыларды қалай марапаттайды?

Руслан

Сұраққа «Облыстық мүгедектердің спорт клубы» КМК директоры Бауыржан ТАХАУОВ жауап берді:

– Биылғы жылдың шілдесінен бастап күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР заңына сәйкес, дені сау, паралимпиадаға қатысушыларға (тiрек-қозғалу аппараты мен көру органдары зақымданған мүгедек спортшылар) және сурдлимпиада (керең-мылқау) спортшыларына көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары бірдей. Олипимада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері болған спортшыларды және спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондарын, сондай-ақ, олардың жаттықтырушыларын өмір бойына материалдық тұрғыда қамту кепілдендірілген. Тиісті ойындарда бірнеше медаль алған тұлғалар жоғарғы жетістіктер бойынша төлемақылар алады. Сондай-ақ, аталмыш заңның 47-бабы бойынша Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері үшін республикалық бюджет есебінің қаржысынан меншік құқығымен пәтерлер бөлуге кепілдік берілген. Пәтер бір ойындағы қол жеткен табыстардың санына қарамастан бір мәрте беріледі. «Марапат» пәтер алудың келесі «нормасы» бекітілген: алтын алқа – 3 бөлме, күміс – 2 бөлме, қола – 1 бөлме.

4 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.