– СМП-163 ауданындағы Бөкейханов көшесінде бомждар мен егеуқұйрықтар үшін панажайға арналған иесіз үй бар. Бірнеше жыл ішінде бұл орынжайдан әлсін-әлі өрт шығып, қоқыс орнына айналды. Ұйтқыған жел айналаға қоқысты, мүңкіген иісті таратып, шыбындар мен қаңғыбас мақұлықтарды жинайды. Бұл қоқысты тазарту үшін қайда хабарласқан жөн?
Телефон арқылы
Сұраққа «Арнаулы автобаза» КМК директоры Мұратбек МАХАНОВ жауап берді:
– СМП-163 тұрғындары бізге арыз жаза алады. Біз бекітілген тариф бойынша ТКШ-ге есепшот ұсынамыз, ақшасы төленгеннен кейін қоқысты жинап, шығарып тастаймыз. Ал жоспарлы сенбілік кезінде қоқысты тегін шығара аламыз. Екі жағдайда да менің атыма хат жолдану керек.